https://sputnik.kz/20251103/qazaqstanda-zhyldyq-inflyatsiya-qazanda-126-ga-deyin-bayaulady-58413128.html
Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 12,6%-ға дейін баяулады
Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 12,6%-ға дейін баяулады
Sputnik Қазақстан
Қыркүйек айында ол 12,9%-ға жеткен болатын 03.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-03T14:14+0500
2025-11-03T14:14+0500
2025-11-03T14:14+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:360:996:920_1920x0_80_0_0_966573cb5adaf672924398288cd6fd25.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 2025 жылдың қазанында жылдық инфляция қазанда 12,6%-ды көрсетіп, қыркүйекпен (12,9%) салыстырғанда баяулады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.Қазанда айлық инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады.Азық-түлік тауарларының ішінде:Сонымен қатар:Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қазан айында отандық құрастырылған жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеді. Қолшатыр 4,2%-ға, электр жылытқыш 2,5%-ға, цемент 0,4%-ға қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының, жеке қолданылатын тауарлардың бағасы 1%, киім мен аяқ киім, тұрмыстық аспаптар 0,8%-ға өсті.Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 40%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 10,7%-ға, электр энергиясы тарифі 2%-ға төмендеді. Қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,5%-ға, тренажер залдары 0,8%-ға қымбаттады.Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 31,7%-ға, мұздатқыш 16,6%-ға, үтіктеу тақтасы 13,6%-ға арзандады. Ас үй құралдары бағасының деңгейі 7%-ға, электрбұрғы 5,9%-ға, электр шамы 5,2%-ға өсті.2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда аяқ киім жөндеу қызметтерінің бағасы 8,9%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 7,8%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10%-ға, тренажер залдары 8,8%-ға қымбаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:267:996:1014_1920x0_80_0_0_2027def3f9085cfd4cf0a96ad675bf37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, азық-түлік
Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 12,6%-ға дейін баяулады
Қыркүйек айында ол 12,9%-ға жеткен болатын
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 2025 жылдың қазанында жылдық инфляция қазанда 12,6%-ды көрсетіп, қыркүйекпен (12,9%) салыстырғанда баяулады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазанда айлық инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады.
Азық-түлік тауарларының ішінде:
кофе, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтар – әрқайсысы 1,8%-ға,
жарма өнімдері 0,7%-ға қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қазан айында отандық құрастырылған жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеді. Қолшатыр 4,2%-ға, электр жылытқыш 2,5%-ға, цемент 0,4%-ға қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының, жеке қолданылатын тауарлардың бағасы 1%, киім мен аяқ киім, тұрмыстық аспаптар 0,8%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 40%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 10,7%-ға, электр энергиясы тарифі 2%-ға төмендеді. Қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,5%-ға, тренажер залдары 0,8%-ға қымбаттады.
"Азық-түлік ішінде жылдық мәнде күріш 8,3%-ға, өрік 5%-ға, қызанақ 1,4%-ға арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,9%-ға қымбаттады", - деп жазылған хабарламада.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 31,7%-ға, мұздатқыш 16,6%-ға, үтіктеу тақтасы 13,6%-ға арзандады. Ас үй құралдары бағасының деңгейі 7%-ға, электрбұрғы 5,9%-ға, электр шамы 5,2%-ға өсті.
2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда аяқ киім жөндеу қызметтерінің бағасы 8,9%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 7,8%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10%-ға, тренажер залдары 8,8%-ға қымбаттады.