https://sputnik.kz/20251103/qazaqstan-men-serbiya-arasynda-aue-qatynasy-iske-qosyldy-58409368.html
Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды
Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады 03.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-03T11:05+0500
2025-11-03T11:05+0500
2025-11-03T11:22+0500
қазақстан
әуе қатынасы
әуе компаниясы
әуе тасымалдары
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51019965_0:7:698:400_1920x0_80_0_0_4667048d0eb270288d38001b58e7a08d.jpg
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, деп хабарлады Көлік министрлігі.Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы – 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс болады деп болжанып отыр – алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.Астана - Белград - Астана рейстері аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51019965_95:0:628:400_1920x0_80_0_0_26b60b7ca39247dfc4fb32184ef83a17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әуе қатынасы, әуе компаниясы, әуе тасымалдары
қазақстан, әуе қатынасы, әуе компаниясы, әуе тасымалдары
Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылды
11:05 03.11.2025 (жаңартылды: 11:22 03.11.2025) Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.
Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.
"Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады", – деп атап өтті Талғат Ластаев.
Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы – 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс болады деп болжанып отыр – алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.
Астана - Белград - Астана рейстері аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:
Астана - Прага – аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері;
Шымкент - Будапешт – аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері;
Шымкент - Мюнхен – аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері.