https://sputnik.kz/20251103/oskemende-koshelerdi-kutip-ustauga-bolingen-120-mln-tenge-zhymqyrylgan-58409969.html
Өскеменде көшені күтіп-ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған
Өскеменде көшені күтіп-ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер бюжет қаражатына қымбат пәтер, автокөліктер мен жер учаскелерін сатып алған 03.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-03T11:51+0500
2025-11-03T11:51+0500
2025-11-03T12:03+0500
өскемен
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Өскеменде қала көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше күдіктілердің арасында "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар.Материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімделген. Атап айтқанда, құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдар сатып алу туралы жалған деректер көрсетілген.Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген.Кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылды.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20251020/eki-oblysta-2-mlrd-tengeden-astam-byudzhet-qarazhaty-zhymqyrylgan-58042925.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, сыбайлас жемқорлық
өскемен, сыбайлас жемқорлық
Өскеменде көшені күтіп-ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған
11:51 03.11.2025 (жаңартылды: 12:03 03.11.2025) Күдіктілер бюжет қаражатына қымбат пәтер, автокөліктер мен жер учаскелерін сатып алған
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Өскеменде қала көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше күдіктілердің арасында "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар.
"Лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, күдіктілер 2022-2023 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, жүйелі түрде бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына заңсыз аударып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімделген. Атап айтқанда, құжаттарда жолдарды жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған арнайы техника жалдау, сондай-ақ бұған дейін орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдар сатып алу туралы жалған деректер көрсетілген.
Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген.
"Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер Өскемен қаласындағы қымбат тұрғын үй кешенінен пәтер, "BMW X6M" және "Subaru Forester" автокөліктерін, сондай-ақ жер учаскелерін сатып алған. Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды", - дейді ҚМА.
Кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылды.