Кредиттік бюро азаматтардың қарызы туралы ақпаратты салықшыларға жіберіп отырады

© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Министрдің арнайы бұйрығы әзіренді
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың коллекторлық және микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі жайындағы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидаларын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің арнайы бұйрығы әзіренді. Оған сәйкес, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті жеке тұлғалардың қарыздары туралы ақпарат салықшыларға жіберіліп тұрады. Қарыздарға қатысты мәліметті жіберу тәртібі:
мемлекеттік кірістер комитеті есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеті туындаған жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырады;
комитет жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Комитеттің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесі арқылы кредиттік бюроға жібереді;
кредиттік бюро жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі бойынша мәліметтерді жібереді;
"Комитет пен кредиттік бюро осы қағидалар шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді", - делінген бұйрықта.
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Халық үшін ипотекалық кредит көлемі екі есе ұлғаяды – үкімет
Жаңалықтар
0