https://sputnik.kz/20251103/aqshany-buryngy-kuyeuine-berdim-astanada-kolik-satuga-qatysty-erekshe-is-qaraldy-58407595.html
"Ақшаны бұрынғы күйеуіне бердім": Астанада көлік сатуға қатысты ерекше іс қаралды
"Ақшаны бұрынғы күйеуіне бердім": Астанада көлік сатуға қатысты ерекше іс қаралды
Sputnik Қазақстан
Жауапкер көліктің ақшасын толық бергенін, алайда талап қоюшының бұрынғы күйеуімен есеп айырысқанын мәлімдеді 03.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-03T10:28+0500
2025-11-03T10:28+0500
2025-11-03T10:28+0500
сот отырысы
автокөлік
астана
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Астаналық әйел көлігін сатқан, бірақ төленбеген ақшаны қайтару үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше 2024 жылғы 21 наурызда талапкер мен жауапкер. арасында көлікті сатып алу-сату шарты жасалған.Міндеттеменің орындалмауына байланысты талап қоюшы сотқа берешек сомасын, айыппұлды және сот шығындарын өндіру туралы арыз түсірді.Жауапкер өз міндеттемесін толық көлемде орындағанын, есеп айырысу талап қоюшының бұрынғы күйеуі арқылы жүргізілгенін және сол тұлғамен ауызша келісім болғанын мәлімдеді.Сонымен қатар міндеттемелерді өзге тұлғаға беру туралы жазбаша дәлелдемелер іс материалдарында ұсынылмаған.Сот шарттың жарамды және орындалуға тиіс екенін, автокөліктің берілгені расталғанын, алайда жауапкердің қалған соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындағанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбағанын анықтады.Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына автокөлікті сатып алу-сату шарты бойынша 7 млн теңге мөлшеріндегі берешек, айыппұл және сот шығындары өндірілді.Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді және жауапкер тарапынан өз еркімен орындалды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот отырысы, автокөлік, астана
сот отырысы, автокөлік, астана
"Ақшаны бұрынғы күйеуіне бердім": Астанада көлік сатуға қатысты ерекше іс қаралды
Жауапкер көліктің ақшасын толық бергенін, алайда талап қоюшының бұрынғы күйеуімен есеп айырысқанын мәлімдеді
АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Астаналық әйел көлігін сатқан, бірақ төленбеген ақшаны қайтару үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше 2024 жылғы 21 наурызда талапкер мен жауапкер. арасында көлікті сатып алу-сату шарты жасалған.
"Шарт талаптарына сәйкес, автокөліктің құны 10,5 млн теңге болып белгіленіп, оның ішінде 3,5 млн теңге шартқа қол қойылғанға дейін төленген, ал қалған 7 млн теңге 2024 жылғы 21 мамырға дейін төленуге тиіс болған", - деп жазылған хабарламада.
Міндеттеменің орындалмауына байланысты талап қоюшы сотқа берешек сомасын, айыппұлды және сот шығындарын өндіру туралы арыз түсірді.
Жауапкер өз міндеттемесін толық көлемде орындағанын, есеп айырысу талап қоюшының бұрынғы күйеуі арқылы жүргізілгенін және сол тұлғамен ауызша келісім болғанын мәлімдеді.
"Сот талқылауы барысында үшінші тұлғадан жасалған ақша аударымдарында автокөлік үшін төлем жүргізілгені туралы мәліметтің көрсетілмегені, сондай-ақ аталған тұлғаның жауапкер атынан есеп айырысуға міндетті екендігін дәлелдейтін құқықтық маңызы бар қатынастардың болмағаны анықталды", - деп хабарлады сот.
Сонымен қатар міндеттемелерді өзге тұлғаға беру туралы жазбаша дәлелдемелер іс материалдарында ұсынылмаған.
Сот шарттың жарамды және орындалуға тиіс екенін, автокөліктің берілгені расталғанын, алайда жауапкердің қалған соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындағанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбағанын анықтады.
Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына автокөлікті сатып алу-сату шарты бойынша 7 млн теңге мөлшеріндегі берешек, айыппұл және сот шығындары өндірілді.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді және жауапкер тарапынан өз еркімен орындалды.