"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді ұзақ жолға шықпауға шақырды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуТуман на дороге, архивное фото
Туман на дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Жазылу
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" компаниясы Батыс Қазақстан облысында тұман түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Орал қаласын да түнде және таңертең қалың тұман басады.
Осыған байланысты компания жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін полиция елордалық жүргізушілерге ескерту жасаған болатын.
"Жолға шығар алдында көлік жүргізушілеріне ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс.
Астана, улица Орынбор - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Полиция елордалық жүргізушілерге ескерту жасады
Жаңалықтар
0