https://sputnik.kz/20251102/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-2-qarasha-58395357.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 2 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 2 қараша
Sputnik Қазақстан
2 қарашада не болғанын білесіз бе? 02.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-02T00:01+0500
2025-11-02T00:01+0500
2025-11-02T00:01+0500
дерекқор
https://sputnik.kz/img/1183/90/11839076_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_bb136fc2671f9d4ccfcf02d8f555a7f9.jpg
Бұл күннің несімен белгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.2 қарашада қандай мереке аталып өтедіБүгін – Халықаралық журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтату күні. Бұл күн Малидегі қарулы қақтығыс туралы хабар таратқан екі француз журналисі – Гислене Дюпоне мен Клоде Верлоненің құрметіне таңдалған. 2013 жылы 2 қарашада оларды содырлар ұрлап әкетіп, өлтірген болатын. Бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндіріп, БҰҰ баспасөз өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау мен міндетін орындауға кедергі келтіруді айыптайтын құжат қабылдады. Өйткені халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қарулы қақтығыс аумағында қызмет ететін БАҚ өкілдері қорғалуы тиіс әрі қақтығысушы тараптар оларды құрметтеуге міндетті.2011 жылдан бастап жыл сайын 2 қарашада Халықаралық Петербургті тану күні аталып өтеді. Бұл қалаға сүйсінбеу мүмкін емес, себебі онда көздің жауын алатын тарихи ескерткіштер, музейлер мен сарайлар өте көп. Бір рет осы қалаға келсеңіз, сұлулығына мәңгі ғашық боласыз. 2 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1903 жылы "The Daily Mirror" ағылшын газетінің бірінші нөмірі жарық көрді;1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс: Ресей Түркияға соғыс жариялады;1947 жылы әлемдегі ең кең қанат жайған (97,51 м) ұшақ ұшырылды.2 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1947 жылы "Теміртау жұмысшысы" газеті жарық көрді. 1960 жылға дейін орыс және қазақ тілдерінде шыққан;1999 жылы Семей университетіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды;2006 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды;2009 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрмет елшілігі ашылды.2 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар1755 жылы Франция королевасы, император Франц I мен Мария-Терезияның кенже қызы Мария-Антуанетта дүниеге келді. Франция королі Людовик XVI әйелі;1815 жылы математик, математикалық логиканың негізін қалаушы Джордж Буль дүниеге келді;1947 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, дубляж шебері Наталья Гурзо дүниеге келді. РФ-ның еңбек сіңірген әртісі (1994). Эльдар Рязановтың "Гараж" комедиясындағы рөлімен көпшілікке танымал;1981 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұптық сырғанаудан олимпиада чемпионы (2006 жылы Максим Марининмен бірге) Татьяна Тотьмякина дүниеге келді. Екі дүркін әлем чемпионы (2004, 2005), бес дүркін Еуропа чемпионы (2002-2006). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.2 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді1841 жылы қазақтың ұлттық ағартушысы, ұстаз, білім беру саласындағы қоғам қайраткері, ақын Ыбырай Алтынсарин дүниеге келді;1943 жылы сыншы, әдебиеттанушы, эссе жанрындағы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жазушылар одағы мүшесі Бақыт Кәрібаева дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1183/90/11839076_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_94463286ee71c0488e2322cf71ee6039.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 2 қараша
2 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен белгілі екенін
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
2 қарашада қандай мереке аталып өтеді
Бүгін – Халықаралық журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтату күні. Бұл күн Малидегі қарулы қақтығыс туралы хабар таратқан екі француз журналисі – Гислене Дюпоне мен Клоде Верлоненің құрметіне таңдалған. 2013 жылы 2 қарашада оларды содырлар ұрлап әкетіп, өлтірген болатын. Бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндіріп, БҰҰ баспасөз өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау мен міндетін орындауға кедергі келтіруді айыптайтын құжат қабылдады. Өйткені халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қарулы қақтығыс аумағында қызмет ететін БАҚ өкілдері қорғалуы тиіс әрі қақтығысушы тараптар оларды құрметтеуге міндетті.
2011 жылдан бастап жыл сайын 2 қарашада Халықаралық Петербургті тану күні аталып өтеді. Бұл қалаға сүйсінбеу мүмкін емес, себебі онда көздің жауын алатын тарихи ескерткіштер, музейлер мен сарайлар өте көп. Бір рет осы қалаға келсеңіз, сұлулығына мәңгі ғашық боласыз.
2 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1903 жылы "The Daily Mirror" ағылшын газетінің бірінші нөмірі жарық көрді;
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс: Ресей Түркияға соғыс жариялады;
1947 жылы әлемдегі ең кең қанат жайған (97,51 м) ұшақ ұшырылды.
2 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1947 жылы "Теміртау жұмысшысы" газеті жарық көрді. 1960 жылға дейін орыс және қазақ тілдерінде шыққан;
1999 жылы Семей университетіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды;
2006 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды;
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрмет елшілігі ашылды.
2 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1755 жылы Франция королевасы, император Франц I мен Мария-Терезияның кенже қызы Мария-Антуанетта дүниеге келді. Франция королі Людовик XVI әйелі;
1815 жылы математик, математикалық логиканың негізін қалаушы Джордж Буль дүниеге келді;
1947 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, дубляж шебері Наталья Гурзо дүниеге келді. РФ-ның еңбек сіңірген әртісі (1994). Эльдар Рязановтың "Гараж" комедиясындағы рөлімен көпшілікке танымал;
1981 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұптық сырғанаудан олимпиада чемпионы (2006 жылы Максим Марининмен бірге) Татьяна Тотьмякина дүниеге келді. Екі дүркін әлем чемпионы (2004, 2005), бес дүркін Еуропа чемпионы (2002-2006). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.
2 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді
1841 жылы қазақтың ұлттық ағартушысы, ұстаз, білім беру саласындағы қоғам қайраткері, ақын Ыбырай Алтынсарин дүниеге келді;
1943 жылы сыншы, әдебиеттанушы, эссе жанрындағы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жазушылар одағы мүшесі Бақыт Кәрібаева дүниеге келді.