Атыраулық зейнеткер ақырзаман туралы діни кітапша таратқан

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой женщины
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Жазылу
Зейнеткер ешбір діни бірлестікте тұрмағанын айтты
АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Атырауда полиция қызметкерлері 66 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.
Ол вокзал маңындағы пәтерлерге ақырзаман туралы діни кітапшалар таратқан.
Дін істері басқармасының хабарлауынша зейнеткер ешбір діни бірлестікте тұрмағанын және өз ниетімен осындай әрекет жасағанын мойындаған.
Әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 490-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Ұсақ бұзақылық үшін, соның ішінде діни материалдарды рұқсатсыз таратқаны үшін, дін туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңда жаза қарастырылған.
"Полиция әйел адамды бөлімге жеткізді. Алынған материалдар дінтану сараптамасына жіберілді", - деп нақтылады ведомство.
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Түркістан облысында жат діни ағымның мүшелері ұсталды
Жаңалықтар
0