https://sputnik.kz/20251102/atyrau-oblysynda-zhol-zhondeu-zhumystary-segiz-zhylga-sozyldy-58398662.html
Атырау облысында жол жөндеу жұмыстары сегіз жылға созылып отыр
Атырау облысында жол жөндеу жұмыстары сегіз жылға созылып отыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Атырауда 8 жыл бұрын басталған жол әлі күнге бітпей тұр, деп хабарлайды 24 kz. 02.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-02T14:57+0500
2025-11-02T14:57+0500
2025-11-02T14:57+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488876_0:63:1209:743_1920x0_80_0_0_d8f03907277180e2e72e33887d38e88d.jpg
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Атырауда 8 жыл бұрын басталған жол әлі күнге бітпей тұр, деп хабарлайды 24 kz.Жобаның құны - бес миллиард теңге. Қайыршақты ауылдық округіндегі он ауылдың тұрғыны 8 жыл бойы айналма жолмен жүруге мәжбүр.Жазда бұл жерде жұмыс белсенді болды, бірақ жол әлі де асфальттауға дайын емес. Күн сайын аудан орталығынан ауылдарына келетін тұрғындар қалалық мәслихат депутаттарынан көмек сұрады. Халық қалаулылары жобаны өз бақылауына алған."2017 жылдан бастап жобалау басталды, 2019 жылы осы жолдың құрылысы жасала бастады. 2022 жылы жоба жобалау институтына түзетуге жіберілді. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ол пысықталуда. Халық бұл жолға көп шағымданады", - дейді қалалық мәслихат депутаты Юрий Ли.Мамандардың айтуынша, бастапқы жобада кенттерге кірме жолдар қарастырылмаған. Осы және басқа да олқылықтар жұмыстың тоқтауына әкелген.Атырау мен Талғайран ауылы арасындағы 10 шақырымдық жолды қайта жөндеуге 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сегіз жыл ішінде екі миллиардтан астам қаожы игерілген. Алайда жұмыстың жартысынан азы ғана орындалүан.Атырау қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бас маманы Сәлімжан Мұсабаевтың айтуынша, жобаға өзгеріс енгізілген."Бастапқы шешімдерде ескерілмеген жұмыстардың болуына байланысты жобаға өзгерістер енгізілді. Өңірлік комиссияның оң қорытындысы алынды. Біз құжаттаманы жаңартып, оны жаңа жобаны әзірлейтін ұйымға жібердік. Қазір олар жобаны мемлекеттік сараптамаға ұсыну үстінде", - дейді ол.Билік жоба желтоқсан айында сараптамадан өтеді деп сендірді. Егер нәтижелер оң болса, бюджеттен қаражат қайта бөлінеді және жол жұмыстары қайта басталады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488876_67:0:1142:806_1920x0_80_0_0_c29351573c2300f6d6919748128ce6a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Атырауда 8 жыл бұрын басталған жол әлі күнге бітпей тұр, деп хабарлайды
24 kz. Жобаның құны - бес миллиард теңге. Қайыршақты ауылдық округіндегі он ауылдың тұрғыны 8 жыл бойы айналма жолмен жүруге мәжбүр.
Жазда бұл жерде жұмыс белсенді болды, бірақ жол әлі де асфальттауға дайын емес. Күн сайын аудан орталығынан ауылдарына келетін тұрғындар қалалық мәслихат депутаттарынан көмек сұрады. Халық қалаулылары жобаны өз бақылауына алған.
"2017 жылдан бастап жобалау басталды, 2019 жылы осы жолдың құрылысы жасала бастады. 2022 жылы жоба жобалау институтына түзетуге жіберілді. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ол пысықталуда. Халық бұл жолға көп шағымданады", - дейді қалалық мәслихат депутаты Юрий Ли.
Мамандардың айтуынша, бастапқы жобада кенттерге кірме жолдар қарастырылмаған. Осы және басқа да олқылықтар жұмыстың тоқтауына әкелген.
"Жоба 2017 жылы әзірленді және бүгінгі күні ескірген. Онда көптеген кемшіліктер бар: жарықтандыру, уақытша шешімдер және инженерлік коммуникацияларды қосу қарастырылмаған. Жобаны түзету екі жыл бұрын — 2023 жылы бағаның өсуіне байланысты басталды. Содан бері оған үнемі өзгерістер енгізіліп келеді", - дейді мердігер ұйымның өкілі Зайни Мұста Ермапов.
Атырау мен Талғайран ауылы арасындағы 10 шақырымдық жолды қайта жөндеуге 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сегіз жыл ішінде екі миллиардтан астам қаожы игерілген. Алайда жұмыстың жартысынан азы ғана орындалүан.
Атырау қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бас маманы Сәлімжан Мұсабаевтың айтуынша, жобаға өзгеріс енгізілген.
"Бастапқы шешімдерде ескерілмеген жұмыстардың болуына байланысты жобаға өзгерістер енгізілді. Өңірлік комиссияның оң қорытындысы алынды. Біз құжаттаманы жаңартып, оны жаңа жобаны әзірлейтін ұйымға жібердік. Қазір олар жобаны мемлекеттік сараптамаға ұсыну үстінде", - дейді ол.
Билік жоба желтоқсан айында сараптамадан өтеді деп сендірді. Егер нәтижелер оң болса, бюджеттен қаражат қайта бөлінеді және жол жұмыстары қайта басталады.