Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский ресейлік компанияларға жаңа санкциялар енгізді

© РИА НовостиВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2025
Жазылу
Иранның қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің логистикасына, аэроғарыш өнеркәсібі ұйымына және қорғаныс өнеркәсібі ұйымына да санкциялар салынды
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Владимир Зеленский кеңсесінің сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, Украинада Ресейдің, Иранның және Қытайдың 10 жеке тұлғасы мен 31 компаниясына қарсы жаңа санкциялар енгізілді, деп хабарлады РИА Новости.
Жарлыққа сәйкес, "Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін өндірушілер мен жеткізушілерге – Ресейдің, Қытайдың және Иранның резиденттеріне – 10 жеке тұлға мен 31 заңды тұлғаға" қарсы санкциялар енгізілді.
"Бұл тізімге санкцияларды бұза отырып, Ресейге жабдықтар мен компоненттерді жеткізуге қатысқан компаниялар, олардың директорлары мен иелері кіреді. Сонымен қатар, Ресейге әскери өнімдерді жеткізген Иранның мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларына да санкциялар енгізілді", - делінген мәлімдемеде.
Санкциялар, атап айтқанда, "Тулаоборонстрой", "Южноуральский арматурно-изоляторный завод", "АСР", "Эсефджи Балтика", "Ками-Групп" және "Карбон Солюшенс" компанияларына қатысты қолданылды.
Иранның қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің логистикасына, аэроғарыш өнеркәсібі ұйымына және қорғаныс өнеркәсібі ұйымына да санкциялар салынды.
Санкцияларға Украинадағы активтерді бұғаттау, лицензиялар мен ресми сапарлардың күшін жою, зияткерлік меншікті беруге тыйым салу, сауда келісімдерін, мәдени алмасуларды және ғылыми ынтымақтастықты тоқтату, сондай-ақ Украинаның барлық мемлекеттік марапаттарынан айыру кіреді.
Ұлыбритания символы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
G7 елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр - БАҚ
Жаңалықтар
0