https://sputnik.kz/20251101/garazhda-ustap-otyrgan-qyzdardy-zhezokshelikke-mazhburlegen-qylmystyq-top-ustaldy-58383018.html
Гаражда ұстап отырған: қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
Гаражда ұстап отырған: қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тінту барысында көп мөлшерде қолма-қол ақша, құжаттар, техника, банктік карталар және қылмыстық қызметте пайдаланылған деп болжанған тоғыз автокөлік тәркіленді 01.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-01T13:23+0500
2025-11-01T13:23+0500
2025-11-01T13:26+0500
қостанай
такси
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Қостанай облысында такси қызметі түрінде жезөкшелікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Қылмыстық топты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.Полиция сауналардың әкімшілерін және ақылы интимдік қызмет көрсеткен мамандарды анықтады."Қылмыстық топ ауылдардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан жас қыздарды алдап, қорқыту және күш қолдану арқылы жезөкшелікке тартқан. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап отырған", - дейді полициядағылар.Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Бірқатар күдікті ұсталып, басқа қатысушыларға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылды.Тінту барысында көп мөлшерде қолма-қол ақша, құжаттар, техника, банктік карталар және қылмыстық қызметте пайдаланылған деп болжанған тоғыз автокөлік тәркіленді.Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жалған банктік шот арқылы заңдастырылғаны анықталды. Бұл қаражат көлік, тіркеме және гараждар сатып алуға жұмсалған.Бұл факті бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру" бабымен бөлек іс қозғалды.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250902/adamdardy-urlap-nesie-aluga-mazhburlegen-qylmystyq-topqa-qatysty-tergeu-ayaqtaldy-56752829.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, такси, қылмыс
Гаражда ұстап отырған: қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
13:23 01.11.2025 (жаңартылды: 13:26 01.11.2025) Тінту барысында көп мөлшерде қолма-қол ақша, құжаттар, техника, банктік карталар және қылмыстық қызметте пайдаланылған деп болжанған тоғыз автокөлік тәркіленді
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Қостанай облысында такси қызметі түрінде жезөкшелікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық топты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топ такси қызметінің атын жамылып, интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастырған. Тергеу барысында қыздардың қаладағы бірнеше саунаға жеткізіліп, онда интимдік қызмет көрсеткені анықталды. Тізімде 12 сауна бар", - дейді ведомстводағылар.
Полиция сауналардың әкімшілерін және ақылы интимдік қызмет көрсеткен мамандарды анықтады.
"Қылмыстық топ ауылдардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан жас қыздарды алдап, қорқыту және күш қолдану арқылы жезөкшелікке тартқан. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап отырған", - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бірқатар күдікті ұсталып, басқа қатысушыларға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Тінту барысында көп мөлшерде қолма-қол ақша, құжаттар, техника, банктік карталар және қылмыстық қызметте пайдаланылған деп болжанған тоғыз автокөлік тәркіленді.
Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жалған банктік шот арқылы заңдастырылғаны анықталды. Бұл қаражат көлік, тіркеме және гараждар сатып алуға жұмсалған.
Бұл факті бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру" бабымен бөлек іс қозғалды.