https://sputnik.kz/20251101/astanada-qyzdy-qutqargan-totenshe-zhagday-qyzmetkeri-marapattaldy-58392533.html
Астанада қызды құтқарған төтенше жағдай қызметкері марапатталды
Астанада қызды құтқарған төтенше жағдай қызметкері марапатталды
Sputnik Қазақстан
Астаналық құтқарушылар 14 қабат биіктіктен қызды аман алып қалды 01.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-01T19:55+0500
2025-11-01T19:55+0500
2025-11-01T19:55+0500
астана
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/01/58385472_0:143:1280:863_1920x0_80_0_0_7e669fb19251408e42eab6131f0fda37.jpg
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Астана ТЖД қызметкері Саят Пішембаевты марапаттады.Ол қызды құтқарғаны үшін Құрмет грамотасы мен құнды сыйлық алды.30 қазанда болған оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 26 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатында қасбетке шығып алған. "Бұл жағдай туралы бір тұрғын ТЖД қызметінің "112" пультіне хабарлады. Қыз Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатының қасбетіне шығып алған. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД бөлімшелері батыл әрекет еткен. Көрші пәтер арқылы қауіпті биіктікке шығып, қызбен келіссөздер жүргізген", - деді ТЖМ.Құтқарушы қызды аман алып қалады. 1 қарашада Саят Пішембаевты марапаттаған министр құтқарушының іс-әрекеті батылдық пен кәсібиліктің үлгісі екенін айтты."Мұндай әрекеттер құтқарушының ең қиын сәтте адам үшін тәуекелге баратындығының жарқын белгісі. Біз адамдарды құтқаруды өмірінің маңызы деп санайтын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз", - деді Шыңғыс Арынов.
https://sputnik.kz/20251009/otbasyn-qutqaryp-ozi-koz-zhumdy-pavlodarda-tagy-da-qaygyly-zhagday-boldy-57740889.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/01/58385472_0:0:1281:961_1920x0_80_0_0_167620fd81c6574d37b569ea14191c98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құтқарушылар
Астанада қызды құтқарған төтенше жағдай қызметкері марапатталды
Астаналық құтқарушылар 14 қабат биіктіктен қызды аман алып қалды
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Астана ТЖД қызметкері Саят Пішембаевты марапаттады.
Ол қызды құтқарғаны үшін Құрмет грамотасы мен құнды сыйлық алды.
30 қазанда болған оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 26 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатында қасбетке шығып алған.
"Бұл жағдай туралы бір тұрғын ТЖД қызметінің "112" пультіне хабарлады. Қыз Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатының қасбетіне шығып алған. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД бөлімшелері батыл әрекет еткен. Көрші пәтер арқылы қауіпті биіктікке шығып, қызбен келіссөздер жүргізген", - деді ТЖМ.
Құтқарушы қызды аман алып қалады. 1 қарашада Саят Пішембаевты марапаттаған министр құтқарушының іс-әрекеті батылдық пен кәсібиліктің үлгісі екенін айтты.
"Мұндай әрекеттер құтқарушының ең қиын сәтте адам үшін тәуекелге баратындығының жарқын белгісі. Біз адамдарды құтқаруды өмірінің маңызы деп санайтын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз", - деді Шыңғыс Арынов.