Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаға қатысты ұстанымын өзгертті - БАҚ

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан. – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны қолдауға қатысты ұстанымын өзгертті, деп хабарлайды РИА Новости америкалық Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Трамптың Еуропадағы одақтастары алаңдай бастады. Себебі соңғы бірнеше аптаның ішінде президент Дональд Трамптың Украинаға қатысты ұстанымы күрт өзгерді.
“Трамп енді Киевке көмек беруге немесе соғысты тоқтатуға мәжбүрлеуге әлдеқайда аз тырысып жатқан сияқты", — делінген телеарнаның хабарламасында.
Осы орайда телеарна Ақ үй басшысының соңғы шешімдерін де еске салды. Атап айтқанда, Румыниядан америкалық бригада кері қайтарылды. Бұдан бөлек, Трамп Владимир Зеленскийге Tomahawk зымырандарын беруден бас тартты. Ал Еуропадағы одақстары АҚШ басшысының Украинаға қатысты саясаты одан әрі қалай өзгеретінін болжай алмай отыр.
Трамптың ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткізген кешегі кездесуі де оның қатаң талап қоюдан бас тартқанын көрсетті. АҚШ пен Қытай басшылары Украина мәселесін талқылап, қақтығысты реттеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Бұған дейін Трамп НАТО-ның бас хатшысымен кездескен болатын. Оның айтуынша, Tomahawk зымырандарын тек АҚШ қолдана алады және осы біліммен ешкіммен бөліспейді.
Жаңалықтар
0