Шымкентте қыздар құлдықта болған: полиция түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Олар базарда жұмыс істеген
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қырғызстаннан келген апалы-сіңлілі екі қыз Шымкентте құлдықта болды деген ақпарат тарады. Полиция Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды анықтап жатқандарын хабарлады.
Желіде жарияланған ақпарат бойынша 16 және 18 жастағы қыздарды жақсы жұмыс тауып беремін деп уәде беріп, Қазақстанға танысы алып келген. Алайда қыздар құжатынан айырылып, соққы жеп, ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған.
"Олар базарда жұмыс істеген. Қоймада ауыр сөмкелер тасыған. Кеткілері келетіндерін айтқанда соққыға жығылған. Жұмыс беруші "үш жылға келісті" деп босатудан бас тартқан", - деп түсіндірген зардап шеккендердің анасы.
Шымкент полициясы Sputnik Қазақстан тілшісіне ешкімнен мұндай шағым түспегенін айтты.
"Полицияға бұл факті бойынша өтініш түскен жоқ. Қазіргі уақытта келіп түскен ақпарат тексеріліп жатыр. Мән-жай Қырғыз Республикасының құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл арқылы нақтыланады", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Ведомство тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беруге уәде етті.
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Оқушыны секс құлдықта ұстаған: атышулы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынды
Жаңалықтар
0