Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Ыстанбұл келіссөзін жалғастыруға барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді

© SputnikМИД России
МИД России - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты саяси және дипломатиялық жолмен шешуге дайын және Ыстанбұл келіссөзін жалғастыру үшін барлық жағдай бар, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин. Бұл туралы "Известия" басылымы жазды.

"Ресей Украина дағдарысын саяси және дипломатиялық жолмен шешуге және Киев өкілдерімен тікелей келіссөзді жалғастыруға дайын. Түркия өкілдері Ыстанбұл алаңын ұсынуды жалғастыруға дайын екенін бірнеше рет растады. Сондықтан келіссөзді жалғастыру үшін барлық жағдай бар. Жалғыз мәселе – Киев саяси ерік-жігер танытпай отыр", - деді Галузин.

Ол Ресей делегациясының Ыстанбұлда айтқан барлық ұсынысы, соның ішінде "гуманитарлық бітімді ұйымдастыру, тұтқын және мәйіт алмасу, бейбіт тұрғындарды қайтару, үш жұмыс тобын құру және бейбіт реттеу қағидаттары туралы меморандумдар" келіссөз үстелінде қалғанын атап өтті.
"Біз осы мәселелер бойынша жұмыс істеуге және Украина делегациясының ықтимал бастамаларын талқылауға дайынбыз", - деп толықтырды Галузин.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей қаза тапқан украин әскери қызметшілерінің мәйітін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.
Жаңалықтар
0