Қызылордалық "Қайсар" футбол клубын ірі кәсіпкер сатып алды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка ФК "Шахтер"
Тренировка ФК Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. "Қайсар" футбол клубы ресми түрде жекеменшік компанияның меншігіне берілді. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы хабарлады.
​Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақовтың жеке басқаруына берілді.
"TAU Group LTD" компаниясы ауқымды құрылыс жұмыстарымен айналысады. Исламғали Қозыбақов облыстағы 11 мың орындық заманауи стадионның құрылысына атсалысқан.
"Футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда", - дейді басқармадағылар.​
​Айта кетері, "Қайсар" футбол клубы алғашқылардың бірі болып легионерлерден толық бас тартты. Биылғы маусымда "Қайсар" футбол клубы 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.
Бұған дейін кәсіпкерлер футбол клубтарын жекешелендіруге ниет білдіріп отырғаны хабарланды.
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Олигархтар футбол клубтарын сатып алуды көздеп отыр – тізім жарияланды
Жаңалықтар
0