https://sputnik.kz/20251031/qazaqstan-sheteldik-studentterdi-tartu-ushin--viza-rezhimin-zhenildetedi-58355401.html
Қазақстан шетелдік студенттерді тарту үшін виза режимін жеңілдетеді
Қазақстан шетелдік студенттерді тарту үшін виза режимін жеңілдетеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. 2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын үш есе арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы... 31.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-31T13:43+0500
2025-10-31T13:43+0500
2025-10-31T13:43+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53539317_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ced0d44e96b2c2f433ac2883f735eff3.jpg
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. 2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын үш есе арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында айтты. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алады. Бұл – қазіргі сәтте Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады."Шетел университеттерінің филиалын ашу инженерлік және IT білімді дамыту мақсатымызға толық сай келеді. Қазақстанда қолданбалы инженерияның бірегей институты саналатын үш Лу Бань шеберханасы ашылды. Бұл Қытай үкіметінің бастамасы екені баршаңызға мәлім. Пэн Дуань мырза баяндамасында қытай мамандарының елімізге ерекше назар аударып отырғанын әрі Қазақстандағы адам әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Біз үшін ядролық энергетика саласына маман даярлау да ерекше мәнге ие. МИФИ ректоры Владимир Игоревич Шевченко осы маңызды іске белсенді атсалысуға ниет білдірді. Міндетіміз – білім мен ғылымды экономиканың нақты секторымен тікелей байланыстыру. Бұл бағытта сәтті мысалдар бар. Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің серіктестігі нәтижесінде күкіртті инновациялық полимерге айналдыратын озық технология әзірленді. Бұл – өте қажет жоба", – деді мемлекет басшысы.Себебі елімізде күкірттің қоры мол. Аталған жоба химия өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді, ең бастысы, экологиялық түйткілдердің шешілуіне түрткі болады.
https://sputnik.kz/20251029/qazaqstanda-qansha-sheteldik-zhumys-isteydi-58282164.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53539317_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_de6eae02ace23ed6dbcbb5a21106b14f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан шетелдік студенттерді тарту үшін виза режимін жеңілдетеді
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. 2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын үш есе арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында айтты.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алады. Бұл – қазіргі сәтте Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.
2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.
Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады.
"Шетел университеттерінің филиалын ашу инженерлік және IT білімді дамыту мақсатымызға толық сай келеді. Қазақстанда қолданбалы инженерияның бірегей институты саналатын үш Лу Бань шеберханасы ашылды. Бұл Қытай үкіметінің бастамасы екені баршаңызға мәлім. Пэн Дуань мырза баяндамасында қытай мамандарының елімізге ерекше назар аударып отырғанын әрі Қазақстандағы адам әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Біз үшін ядролық энергетика саласына маман даярлау да ерекше мәнге ие. МИФИ ректоры Владимир Игоревич Шевченко осы маңызды іске белсенді атсалысуға ниет білдірді. Міндетіміз – білім мен ғылымды экономиканың нақты секторымен тікелей байланыстыру. Бұл бағытта сәтті мысалдар бар. Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің серіктестігі нәтижесінде күкіртті инновациялық полимерге айналдыратын озық технология әзірленді. Бұл – өте қажет жоба", – деді мемлекет басшысы.
Себебі елімізде күкірттің қоры мол. Аталған жоба химия өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді, ең бастысы, экологиялық түйткілдердің шешілуіне түрткі болады.