Көкшетауда колледж студенті өлі табылды

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Көкшетаудағы колледж жатақханасында студент өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
16 жастағы бозбаланың мәйітін кураторы дәретхана кабинасынан тауып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу шақыртылғанымен, баланы құтқару мүмкін болмады.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға қылмыстық сипатта емес. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Женская драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Атырауда студент қызды қатарласы аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0