Ішкі істер министрлігі халыққа үндеу жасады

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Құқық қорғаушылар күмәнді интернет-трендтерге ермеуге шақырды
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі хайп пен лайк үшін қоғамдық тәртіпті бұзатындардың көбеюіне байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомствоның мәліметінше соңғы уақытта әлеуметтік желілерде хайп, лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын арандатушылық әрекеттер көбейіп барады.
"Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, "шоу" жасап жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған", - дейді ведомство.
Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
"Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету, ар-ұятқа жат қылық. Қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейді. Заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп ескертті полиция.
Баршаға, әсіресе жастарға айтарымыз: күмәнді интернет-трендтерге ермеңіздер, дейді құқық қорғаушылар.
"Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайларға қатаң тосқауыл қойып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады. Қоғамдық тәртіп – бәрімізге ортақ міндет. Интернетте де, күнделікті өмірде де мәдениет пен парасаттылықты сақтайық", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жаңалықтар
0