https://sputnik.kz/20251031/bek-air-ushqyshtary-ushaq-apatyna-kinali-dep-tanylsyn--prokuror-58362888.html
Bek Air ұшқыштары ұшақ апатына кінәлі деп танылсын – прокурор
Bek Air ұшқыштары ұшақ апатына кінәлі деп танылсын – прокурор
Sputnik Қазақстан
Сотталушылар орындығында ешкім жоқ 31.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-31T16:39+0500
2025-10-31T16:39+0500
2025-10-31T16:39+0500
bek air
ұшақ апаты
ұшқыш
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56071263_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_ff551dc25833de779faea3898d8d7be3.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына қатысты сот жарыссөзі басталды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".Еске сала кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған.Сотталушылар орындығында ешкім жоқ: қаза тапқан ұшқыштар — экипаж командирі Марат Мұратаев және екінші ұшқыш Мейіржан Мұлдақұлов айыпталушы деп танылды.Мемлекеттік айыптаушы Айдос Палмановтың айтуынша, прокурорлар 13 адамның өмірін қиған және 50-ден астам жолаушының денсаулығына зиян келтірген апатқа экипаж кінәлі деп санайды.Тергеу барысында ұшу экипажы ИКАО-ның пайдалану-техникалық құжаттары мен халықаралық стандарттарының талаптарын бұзып, қанаттары мұзданған ұшақтың ұшуына және ұшудың қате конфигурациясына жол бергені анықталды.Ұшақ апаты адам шығынынан басқа, Алматы халықаралық әуежайына 23 млн теңге көлемінде залал келтірді.Бұрын сот Bek Air әуе компаниясының мүлкіне бұғау салған.Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы — Нұр-Сұлтан рейсін орындаған Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырап, бетон қоршауды тесіп өтіп, екі қабатты ғимаратқа соғылған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 69 адам жарақат алды.
https://sputnik.kz/20241002/bek-air-ushagynyn-apatqa-ushyrauyna-qatysty-tergeu-ayaqtaldy--bas-prokuratura-47489754.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56071263_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_001ac549f05d036f45c9bf17e3b65aaa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
bek air, ұшақ апаты, ұшқыш
bek air, ұшақ апаты, ұшқыш
Bek Air ұшқыштары ұшақ апатына кінәлі деп танылсын – прокурор
Сотталушылар орындығында ешкім жоқ
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына қатысты сот жарыссөзі басталды, деп хабарлайды
"Ақ Жайық". Еске сала кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған.
Сотталушылар орындығында ешкім жоқ: қаза тапқан ұшқыштар — экипаж командирі Марат Мұратаев және екінші ұшқыш Мейіржан Мұлдақұлов айыпталушы деп танылды.
Мемлекеттік айыптаушы Айдос Палмановтың айтуынша, прокурорлар 13 адамның өмірін қиған және 50-ден астам жолаушының денсаулығына зиян келтірген апатқа экипаж кінәлі деп санайды.
"Соттан ұшқыштар Марат Мұратаев пен Мейіржан Мұлдақұловты қайтыс болуына байланысты жаза кеспестен кінәлі деп тануды, сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды, "Вek Air" АҚ-дан 4,87 млрд теңге және 7 мың АҚШ доллары сомасына моральдық және материалдық зиянның өтемақысын өндіріп алуды сұраймын", - деді прокурор.
Тергеу барысында ұшу экипажы ИКАО-ның пайдалану-техникалық құжаттары мен халықаралық стандарттарының талаптарын бұзып, қанаттары мұзданған ұшақтың ұшуына және ұшудың қате конфигурациясына жол бергені анықталды.
"Салдарынан әуе кемесі аспанға қарлы-мұзды шөгінділермен көтерілген, ұшқыштардың қате әрекеттері адам шығынына алып келді", — деп атап өтті Палманов.
Ұшақ апаты адам шығынынан басқа, Алматы халықаралық әуежайына 23 млн теңге көлемінде залал келтірді.
"Командир мен екінші ұшқыш ұшу тәжірибесі мол болса да, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларда ұшты", — деп толықтырды айыптау өкілі.
Бұрын сот Bek Air әуе компаниясының мүлкіне бұғау салған.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы — Нұр-Сұлтан рейсін орындаған Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырап, бетон қоршауды тесіп өтіп, екі қабатты ғимаратқа соғылған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 69 адам жарақат алды.