Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – дейді полиция қызметкерлері.
Полиция атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.

Қайрат Нұртастың концерті 31 қазан сағат 19:00-де Орталық стадионда өтеді.