https://sputnik.kz/20251030/vagondardyn-relsten-shyqqany-ushin-sheteldik-ondirushi-kompaniya-otemaqy-toledi-58303647.html
Вагондардың рельстен шыққаны үшін шетелдік өндіруші компания өтемақы төледі
Вагондардың рельстен шыққаны үшін шетелдік өндіруші компания өтемақы төледі
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың қысында "Науалы" станциясында 12 жүк вагоны рельстен шығып кеткен 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T09:53+0500
2025-10-30T09:53+0500
2025-10-30T09:53+0500
жамбыл облысы
шетелдік инвесторлар
вагон
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30960714_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_1b0fc5c9d6b51805e467391f27552844.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында сот жүк вагондары рельстен шығып кеткен жергілікті компанияның пайдасына 60 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды.Оқиға 2022 жылдың қысында "Науалы" станциясында болған. 12 жүк вагоны жолдан шығып кеткен, оның төртеуі ЖШС-ге тиесілі болған.Оқиға салдарынан ЖШС-нің ғана емес, басқа екі мекеменің де мүлкіне зиян келген. Компания оларға 60 млн теңгеден астам сомаға шығындарды өз бетінше өтеп, сотқа растайтын төлем құжаттарын ұсына отырып, содан кейін барып АҚ-ға регрессиялық талап қоюмен жүгінген."2023 жылы экономикалық соттың күшіне енген шешімімен өндірушінің кінәсі анықталған: оның құю кезіндегі ақаулары вагондардың зақымдалуына әкеліп соққан. Бұл шешім жаңа істі қарау кезінде преюдициялық маңызға ие болды", - деп хабарлады соттағылар.Сот АҚ әрекеттері мен апат арасындағы себеп-салдарлық байланыстың бар екенін анықтады және талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды. Шетелдік өндірушіден 60 млн теңгеден астам өтемақы және 1,8 млн теңге сот шығындары өндірілді.Шешім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20251022/abay-oblysynda-temirzhol-qurylysy-kezinde-kran-relsten-shygyp-ketti-58128953.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30960714_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3126ffcc7387ab93bd24601392fad1a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, шетелдік инвесторлар, вагон
жамбыл облысы, шетелдік инвесторлар, вагон
Вагондардың рельстен шыққаны үшін шетелдік өндіруші компания өтемақы төледі
2022 жылдың қысында "Науалы" станциясында 12 жүк вагоны рельстен шығып кеткен
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында сот жүк вагондары рельстен шығып кеткен жергілікті компанияның пайдасына 60 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды.
Оқиға 2022 жылдың қысында "Науалы" станциясында болған. 12 жүк вагоны жолдан шығып кеткен, оның төртеуі ЖШС-ге тиесілі болған.
"Тергеу қорытындысында апат шетелдік кәсіпорын дайындаған бүйірлік жақтаудың сынуы салдарынан болғаны анықталды. Сараптама сынуға себеп болған құю кезіндегі ақауларды анықтады. Зақымданудың ауыр болғаны соншалық, вагондарды есептен шығаруға тура келген", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан ЖШС-нің ғана емес, басқа екі мекеменің де мүлкіне зиян келген. Компания оларға 60 млн теңгеден астам сомаға шығындарды өз бетінше өтеп, сотқа растайтын төлем құжаттарын ұсына отырып, содан кейін барып АҚ-ға регрессиялық талап қоюмен жүгінген.
"2023 жылы экономикалық соттың күшіне енген шешімімен өндірушінің кінәсі анықталған: оның құю кезіндегі ақаулары вагондардың зақымдалуына әкеліп соққан. Бұл шешім жаңа істі қарау кезінде преюдициялық маңызға ие болды", - деп хабарлады соттағылар.
Сот АҚ әрекеттері мен апат арасындағы себеп-салдарлық байланыстың бар екенін анықтады және талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды. Шетелдік өндірушіден 60 млн теңгеден астам өтемақы және 1,8 млн теңге сот шығындары өндірілді.