Тоқаев Қызылордадағы Үстел теннисі орталығына барды

© Photo : АқордаТоқаев Қызылордадағы Үстел теннисі орталығына барды
Тоқаев Қызылордадағы Үстел теннисі орталығына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Кешенді салуға 2,5 миллиард теңге бөлініп, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.
"Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында өңір жұртшылығымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
"Әлемдегі ахуал баршаңызға жақсы мәлім": Тоқаев жастарға көңіл аударуға шақырды
Жаңалықтар
0