https://sputnik.kz/20251030/nauryz-zhane-nauryz-zhumysker-ipotekasy-qayta-berile-bastaydy-58322980.html
"Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасы қайта беріле бастайды
"Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасы қайта беріле бастайды
Sputnik Қазақстан
Әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T18:26+0500
2025-10-30T18:26+0500
2025-10-30T18:26+0500
ипотекалық бағдарлама
ипотека
баспана
жалдамалы баспана
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Отбасы банк "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасын беру қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Екі ипотекалық бағдарлама да 3 қарашада іске қосылады. Келесі дүйсенбіден бастап құжат тапсыра беруге болады."Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Зайымның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.Бағдарлама шарттары:"Наурыз жұмыскер" ипотекасы да соған ұқсас. Бірақ әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бағдарламаға нақты саланың мамандары ғана қатыса алады. Олар:Ал кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.Қатысу шарттары:Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады.Айта кетері, жыл соңына дейін "Наурыз жұмыскер" бағдарламасымен 50 млрд теңгеге 2 000 ипотека беру жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотекалық бағдарлама, ипотека, баспана, жалдамалы баспана
ипотекалық бағдарлама, ипотека, баспана, жалдамалы баспана
"Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасы қайта беріле бастайды
Әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Отбасы банк "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекасын беру қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Екі ипотекалық бағдарлама да 3 қарашада іске қосылады. Келесі дүйсенбіден бастап құжат тапсыра беруге болады.
"Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Зайымның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.
тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%;
азаматтардың барлық санаты үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9%;
несие мерзімі - 19 жылға дейін.
"Наурыз жұмыскер" ипотекасы да соған ұқсас. Бірақ әрленген бастапқы тұрғын үйді 10 проценттік алғашқы жарнамен рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бағдарламаға нақты саланың мамандары ғана қатыса алады. Олар:
су ресурстары және ирригация.
Ал кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.
Отбасы банкінде депозит ашу;
депозитті 2 млн теңгеге дейін толтыру (өтінім берердің алдында бірден салуға болады);
өтінім беруші мен оның туыстарының атында соңғы 5 жылда баспананың болмауы;
соңғы 6 айдың табысын растау.
Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады.
Айта кетері, жыл соңына дейін "Наурыз жұмыскер" бағдарламасымен 50 млрд теңгеге 2 000 ипотека беру жоспарланған.