https://sputnik.kz/20251030/kez-kelgen-tulgany-ustap-beredi-qazaqstan-tagy-bir-kelisimdi-ratifikatsiyalady-58304086.html
"Кез келген тұлғаны ұстап береді": Қазақстан тағы бір келісімді ратификациялады
"Кез келген тұлғаны ұстап береді": Қазақстан тағы бір келісімді ратификациялады
Sputnik Қазақстан
Келісімде қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды экстрадициялау тәртібі белгіленіп отыр 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T10:23+0500
2025-10-30T10:23+0500
2025-10-30T10:24+0500
сенат
ратификациялау
заң
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31573987_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_fd34c87b343ba429c2db9d9876c20689.jpg
АСТАНА, 30 қазан. – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Марокко арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімде қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды экстрадициялау тәртібі белгіленіп отыр. Негізгі шаралар:"Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын беруі көзделмейді. Келісімді іске асыру жазбаша сұрау салу негізінде жүзеге асырылады", - дейді депутаттар.Айта кетері, Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімге 2024 жылдың 12 желтоқсанында Рабатта қол қойылған болатын. Заң бойынша кез келген халықаралық келісімді екі елдің парламенттері ратификациялауы қажет.
https://sputnik.kz/20250924/mazhilis-khalyqaralyq-ortalyq-quru-turaly-kelisimdi-ratifikatsiyalady-57337671.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31573987_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_94b4b35c4ad463ca2eacc551b297780a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, ратификациялау, заң
сенат, ратификациялау, заң
"Кез келген тұлғаны ұстап береді": Қазақстан тағы бір келісімді ратификациялады
10:23 30.10.2025 (жаңартылды: 10:24 30.10.2025) Келісімде қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды экстрадициялау тәртібі белгіленіп отыр
АСТАНА, 30 қазан. – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Марокко арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімде қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды экстрадициялау тәртібі белгіленіп отыр. Негізгі шаралар:
қылмыс жасағаны үшін кемінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе неғұрлым қатаң жаза көзделген қылмыстар жасауда күдікті немесе айыпталушы адамдарды қылмыстық қудалау мақсатында ұстап беру;
ұстап беру туралы сұрау салу келіп түскен кезде өтелмеген жаза мерзімі кемінде алты айды құрайтын жағдайда сот үкімін орындау мақсатында ұстап беру;
экстрадициялаудан бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздерді, соның ішінде қылмыс саяси сипатқа ие болған, өлім жазасын көздеген немесе ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге қайшы келген жағдайларды реттеу.
"Уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын беруі көзделмейді. Келісімді іске асыру жазбаша сұрау салу негізінде жүзеге асырылады", - дейді депутаттар.
Айта кетері, Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімге 2024 жылдың 12 желтоқсанында Рабатта қол қойылған болатын. Заң бойынша кез келген халықаралық келісімді екі елдің парламенттері ратификациялауы қажет.