https://sputnik.kz/20251029/zhanaozende-zhumysshylar-ereuilge-shyqty-58289985.html
Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты
Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты
Sputnik Қазақстан
Жұмысшылардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған 29.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-29T17:00+0500
2025-10-29T17:00+0500
2025-10-29T17:00+0500
жаңаөзен
ереуіл
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33797675_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0a3bb99c2f37d833e11a6302c292f190.jpg
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Жаңаөзенде "Мұнайспецснабкомпани" көлік компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жұмысшылардың басшылыққа қойған талабы әлеуметтік желіде тарады. Олардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған.Ереуілге қатысты Sputnik Қазақстанға Энергетика министрлігі түсініктеме берді."29 қазандағы жағдай бойынша компаниядағы жағдай реттелді, кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді, еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды", - дейді министрлік.Ведомствоның мәліметінше жұмысшылардың талабы "Мұнайспецснабкомпани" ЖШС басшылығына тікелей жолданған."Мұнайспецснабкомпани" 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, ҚМГ құрылымдарын қоса алғанда, мұнай сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.
https://sputnik.kz/20230412/astanada-ereuildegen-bes-zhanaozendik-zhauapkershilikke-tartyldy--bas-prokuratura-33824730.html
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33797675_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_ba1823dabba7afa844cf8bd8930fee4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, ереуіл
Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты
Жұмысшылардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Жаңаөзенде "Мұнайспецснабкомпани" көлік компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жұмысшылардың басшылыққа қойған талабы әлеуметтік желіде тарады. Олардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған.
"Біздің талаптарымыз орындалсын, жұмысшылардың дауысы естілсін", — деген ұжым билікке және "ҚазМұнайГазға" бейнеөтініш жолдады.
Ереуілге қатысты Sputnik Қазақстанға Энергетика министрлігі түсініктеме берді.
"29 қазандағы жағдай бойынша компаниядағы жағдай реттелді, кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді, еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды", - дейді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше жұмысшылардың талабы "Мұнайспецснабкомпани" ЖШС басшылығына тікелей жолданған.
"Компания басшылығы мен қызметкерлер келіссөздер нәтижесінде келіспеушіліктерді шешу туралы келісімге келді. "Мұнайспецснабкомпани" ЖШС "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-не көлік қызметтерін көрсетеді", - дейді министрлік.
"Мұнайспецснабкомпани" 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, ҚМГ құрылымдарын қоса алғанда, мұнай сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.