Жамбыл облысында көршісіне құрылыс құралдарын бермей қойған ер адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
Сотта жәбірленуші сотталушыны кешіргенін және оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Жамбыл облысындағы Төле би ауылында ер адам құрылыс құралдарын бермей қойған көршісін пышақтап тастады, деп хабарлайды облыстық сот.
Оқиға қыркүйекте болған.
"Ер адам көршісіне кіріп, уақытша құрылыс құралдарын беруін сұраған. Алайда көршісі бас тартқан. Екеуінің арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Салдарынан сотталушы үстелде жатқан пышақты алып, жәбірленушінің ішіне бір ұрған", - дейді ведомство.
Жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.
Қылмыстық іс Шу аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қаралды.
Көршісін пышақтаған сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетіндігін айтқан. Ал жәбірленуші сотталушыны кешіргенін және оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты.
"Сот үкімімен сотталушы 3 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылды. Үкім заңды күшіне енді", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жамбыл облысында пышақ жарақатын алған туристке күзет қойылды
Жаңалықтар
0