Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швеция мен Норвегия Украинаға жоғары жылдамдықты катерлерді берді

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Украинаның Әскери-теңіз күштері Швеция мен Норвегиядан Combat Boat 90 жоғары жылдамдықты катерлерін алды.
"Украина Әскери-теңіз күштері Швеция мен Норвегиядан Combat Boat 90 катерлерін алды. Мұндай катерлер біздің флотта бұрыннан бар, енді олардың саны көбейіп отыр – осы техниканың базасында толық дивизон құрылды", - делінген Украина Әскери-теңіз күштерінің Telegram каналында жарияланған мәлімдемеде.
Combat Boat 90 – Saab құрамына кіретін шведтік Dockstavarvet компаниясы әзірлеген жоғары жылдамдықты және маневрлі брондалған десанттық катер. Әр қайық 2,62 миллион доллар тұрады. Ол таяз жағалау суларында 74 км/сағ дейін жылдамдықты арттыра алады. Катерге 21 сарбаз және 4,5 тоннаға дейін жүк сыяды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Еуропаны Patriot әуе қорғаныс жүйелерін уақытша бере тұруға шақырды
Жаңалықтар
0