https://sputnik.kz/20251029/qazaqstandyq-ustaz-euraziya-syylygynyn-alem-tili-nominatsiyasynda-zhenimpaz-atandy-58295681.html
Қазақстандық ұстаз "Еуразия" сыйлығының "Бейбітшілік тілі" номинациясында жеңімпаз атанды
Қазақстандық ұстаз "Еуразия" сыйлығының "Бейбітшілік тілі" номинациясында жеңімпаз атанды
Sputnik Қазақстан
Ботагөз Омарова Жетісу облысының Достық ауылындағы мектепте жұмыс істейді 29.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-29T22:04+0500
2025-10-29T22:04+0500
2025-10-29T22:09+0500
мұғалім
жүлде
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1d/58295385_0:0:854:480_1920x0_80_0_0_450b63f90902766ae11de7f4e558ce29.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстандық мұғалім Ботагөз Омарова "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Бейбітшілік тілі" номинациясында 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ботагөз Омарова Жетісу облысының Достық ауылындағы мектепте жұмыс істейді, қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптарға орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.Ол әлеуметтік желіде білім беретін видеолар мен интерактивті жаттығуларды жариялайды.Айта кетері, өткен жылы Ботагөз Омарова мұғалімдерге арнап "Еуразия" автономды комерциялық емес ұйымының демалыс мектебіне қатысты. Ол ТМД елдерінің мұғалімдері үшін педагогикалық тәжірибе алмасу өте сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті.Сондай-ақ 40 жылдық тәжірибесі бар қазақстандық мұғалім Наталья Прохорова Еуразия сыйлығының "Жүрек қалауы: оқыту" номинациясында екінші орын алды. Бұл номинация жұмысын өзінің міндеті деп санайтын мұғалімдерге арналған. Наталья Прохорова – "Дебют" студиясы мен "Әдеби аймақтану" бағдарламасының негізін қалаушы.Ал 17 жастағы қазақстандық Анастасия Шумкова Еуразия сыйлығының "Жарқын бастама" номинациясында үшінші орын алды. Ол қазақ тілін танымал етуге және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған KAZLIT әлеуметтік жобасын ұсынды. Жоба Абай Құнанбайұлының қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі афоризмдерін зерттеуге негізделген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1d/58295385_102:0:742:480_1920x0_80_0_0_586e0bb8c7e6c4849b3537d624db3434.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, жүлде
Қазақстандық ұстаз "Еуразия" сыйлығының "Бейбітшілік тілі" номинациясында жеңімпаз атанды
22:04 29.10.2025 (жаңартылды: 22:09 29.10.2025) Ботагөз Омарова Жетісу облысының Достық ауылындағы мектепте жұмыс істейді
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстандық мұғалім Ботагөз Омарова "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Бейбітшілік тілі" номинациясында 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ботагөз Омарова Жетісу облысының Достық ауылындағы мектепте жұмыс істейді, қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптарға орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
Ол әлеуметтік желіде білім беретін видеолар мен интерактивті жаттығуларды жариялайды.
"Менің еңбегімді осылай бағалап жатқанына таңғалдым әрі қуандым. Маған назар аударғандарыңыз үшін көп рахмет", - деп атап өтті Еуразия сыйлығын жеңіп алған қазақстандық мұғалім.
Айта кетері, өткен жылы Ботагөз Омарова мұғалімдерге арнап "Еуразия" автономды комерциялық емес ұйымының демалыс мектебіне қатысты. Ол ТМД елдерінің мұғалімдері үшін педагогикалық тәжірибе алмасу өте сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ 40 жылдық тәжірибесі бар қазақстандық мұғалім Наталья Прохорова Еуразия сыйлығының "Жүрек қалауы: оқыту" номинациясында екінші орын алды. Бұл номинация жұмысын өзінің міндеті деп санайтын мұғалімдерге арналған. Наталья Прохорова – "Дебют" студиясы мен "Әдеби аймақтану" бағдарламасының негізін қалаушы.
Ал 17 жастағы қазақстандық Анастасия Шумкова Еуразия сыйлығының "Жарқын бастама" номинациясында үшінші орын алды. Ол қазақ тілін танымал етуге және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған KAZLIT әлеуметтік жобасын ұсынды. Жоба Абай Құнанбайұлының қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі афоризмдерін зерттеуге негізделген.