https://sputnik.kz/20251029/esepteudin-zhana-adistemesi-boyynsha-sudyn-tolemaqysy-ospeydi---ministrlik-58270499.html
Есептеудің жаңа әдістемесі бойынша судың төлемақысы өспейді - министрлік
Есептеудің жаңа әдістемесі бойынша судың төлемақысы өспейді - министрлік
Sputnik Қазақстан
Жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деген ақпарат тараған болатын 29.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-29T08:53+0500
2025-10-29T08:53+0500
2025-10-29T08:59+0500
министрлік
төлемақы
су
https://sputnik.kz/img/281/95/2819522_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_3af2316187656420877a843df8ba6ecd.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді.Осыған байланысты жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деген ақпарат тараған болатын. Алайда өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды.Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу.Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін де есептеу тәртібі өзгермейді. Егер үйде жалпыүйлік су есептегіш орнатылып, кейбір пәтерлерде жеке есептегіштер болмаса, онда жалпыүйлік және жеке көрсеткіштер арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды түрде бөлінеді.Осы әдістемені қабылдау сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ақы төлеудің ұлғаюына әкелмейді."Әдістеме төлем қағидаттарын өзгертпейді. Ол тек жүйені барынша ашық етеді. Есептегіші бар тұтынушы тек өз тұтынған суы үшін төлейді, ал есептегіші жоқтар бекітілген норма бойынша төлей береді. Жалпы үйлік және жеке есептегіштер арасындағы айырмашылық бұл ортақ үй қажеттіліктері, ал ол ешқандай қателік те, айыппұл да емес. Жасырын қосымша төлем болмайды. Мұндай есептеу тәртібі бұрыннан бар" - деді құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төраға орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов.Демек, жаңа әдістеме тұрғындар үшін ештеңені өзгертпейді: тек қолданыстағы тәжірибені біріздендіріп, оны барша өңірлерге түсінікті әрі бірыңғай етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су үшін төлемақы өспейді деп кепілдік берді.
https://sputnik.kz/20251018/benzinnin-bagasy-qanday-dengeyde-saqtalady--tartibi-zhariyalandy--58015365.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/95/2819522_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_bffb7d282be2ee83f1470b1f85dd345f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, төлемақы, су
Есептеудің жаңа әдістемесі бойынша судың төлемақысы өспейді - министрлік
08:53 29.10.2025 (жаңартылды: 08:59 29.10.2025) Жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деген ақпарат тараған болатын
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді.
Осыған байланысты жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деген ақпарат тараған болатын. Алайда өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды.
Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу.
"Бұрынғыдай төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, яғни тұтынушы мен су арнасы желілерінің шекарасында орнатылған құрылғы деректері негізге алынады. Ал есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері әкімдік бекіткен тұтыну нормалары бойынша есептеледі", - деп жазылған хабарламада.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін де есептеу тәртібі өзгермейді. Егер үйде жалпыүйлік су есептегіш орнатылып, кейбір пәтерлерде жеке есептегіштер болмаса, онда жалпыүйлік және жеке көрсеткіштер арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды түрде бөлінеді.
Осы әдістемені қабылдау сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ақы төлеудің ұлғаюына әкелмейді.
"Әдістеме төлем қағидаттарын өзгертпейді. Ол тек жүйені барынша ашық етеді. Есептегіші бар тұтынушы тек өз тұтынған суы үшін төлейді, ал есептегіші жоқтар бекітілген норма бойынша төлей береді. Жалпы үйлік және жеке есептегіштер арасындағы айырмашылық бұл ортақ үй қажеттіліктері, ал ол ешқандай қателік те, айыппұл да емес. Жасырын қосымша төлем болмайды. Мұндай есептеу тәртібі бұрыннан бар" - деді құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төраға орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов.
Демек, жаңа әдістеме тұрғындар үшін ештеңені өзгертпейді: тек қолданыстағы тәжірибені біріздендіріп, оны барша өңірлерге түсінікті әрі бірыңғай етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су үшін төлемақы өспейді деп кепілдік берді.