Семейдегі түрмеде ер адам көз жұмды: комитеттегілер себебін түсіндірді

Түрме
Түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Зорлық үшін жазасын өтеп жатқан сотталған адам мекеменің медициналық бөліміне өзін нашар сезінгені үшін шағымдармен жүгінген
АСТАНА, 28 қазан - Sputnik. Әлеуметтік желіде Абай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар жаппай ауруханаға жеткізілді деген ақпарат тарады. Осы дерек бойынша Sputnik Қазақстан тілшісіне қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.
Комитет әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Зорлық үшін жазасын өтеп жатқан сотталған адам мекеменің медициналық бөліміне өзін нашар сезінгені үшін шағымдармен жүгінген. Тексеруден кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада қайтыс болды. Өлімнің алдын-ала себебі - инсульт", - дейді қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер.
Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, деді ведомство өкілдері.
Бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіленді    - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Абай облысында түрме аумағына 2 кг гашиш тастамақ болған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0