Қытай бағытында бара жатқан 3 мыңға жуық вагон кептелісте тұрып қалды

Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Бұл ретте құрамдарды қабылдау бұрын қытайлық тараппен толық келісілген болатын
АСТАНА, 28 қазан - Sputnik. Қытай бағытында келе жатқан экспорттық және транзиттік жүктері бар шамамен 3 000 вагон шекара бағытындағы жолда жиналып қалды, дейді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Қазан айында Қытай Халық Республикасы тарапынан Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы пойыздарды қабылдау тәулігіне 14-тен 10 пойызға дейін, ал жекелеген күндері 6-ға дейін төмендеген.

"ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында сынамаларды іріктеу мен зертханалық талдауды қоса алғанда, астық жүктерін тереңдетіп тексеруді жүргізіп жатыр. Тексеру 5-тен 10 күнге дейін созылады. Бұл жағдай қазақстандық тарап инфрақұрылымының пайдалану жағдайына әсер етіп, Қытай бағытында келе жатқан экспорттық және транзиттік жүктері бар шамамен 3 000 вагонның жиналып қалуына әкелді", - дейді ведомстводағылар.

Бұл ретте құрамдарды қабылдау бұрын қытайлық тараппен толық келісілген болатын.
Инфрақұрылымның тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ контейнерлік пойыздарда тасымалданатын жекелеген экспорттық астық жүктеріне тәулігіне үш құрамнан аспайтын қабылдауға уақытша технологиялық шектеулер енгізуге мәжбүр.
Қабылданған шара уақытша әрі мәжбүрлі сипатта және жөнелтімдерді ҚТЖ-ның жауапкершілігі аймағынан тыс қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен үйлестіруге бағытталған.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істейді және жүктердің расталған көлемін тасымалдауға толық дайын.
Ресейге өтетін шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Шекарада көлік кептеліп тұр - көлік министрлігі түсініктеме берді
Жаңалықтар
0