Қазақстанға электркөлікті жеңілдікпен әкелу квотасы таусылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВ знак уважения Реджеп Тайип Эрдоган подарил Главе нашего государства электромобиль TOGG турецкого производства
В знак уважения Реджеп Тайип Эрдоган подарил Главе нашего государства электромобиль TOGG турецкого производства - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
ЕЭК шешімімен Қазақстанға 2025 жылға 15 000 квота бөлінген болатын
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға электркөлікті бажсыз әкелу бойынша 2025 жылға бөлінген квота толығымен пайдаланылғанын ескертті.
ЕЭК шешімімен 2025 жылы электркөлікті жеңілдікпен әкелуге 15 000 бірлік көлемінде квота белгіленген.
"2025 жылғы 14 қазанға қарай бұл квота толық пайдаланылды. Осылайша Қазақстанға электркөлікті жеңілдікпен әкелу көлемі толығымен таусылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл көлік тасымалдаушылар импорттық кеден бажынан енді босатылмайды дегенді білдіреді. Барлық кедендік баж бен салық төленуі керек.
Жеке тұлғалар электркөлікті әкелу кезінде кедендік ресімдеудің үш тәсілінің бірін таңдай алады:
1-нұсқа — Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемелері шеңберінде қолданылатын мөлшерлемелер бойынша:
кедендік алым — 6 АЕК;
қосылған құн салығы (ҚҚС) — 12%.
2-нұсқа — Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Бірыңғай кеден тарифі (БКТ) бойынша:
кедендік алым — 6 АЕК;
импорттық кеден бажы — кедендік құнының 15%;
ҚҚС — 12%.
3-нұсқа — Жолаушылар кедендік декларациясы бойынша рәсімдеу кезінде көлік құралының кедендік құнынан 27% мөлшерінде жиынтық кедендік төлем қолданылады.
Жаңалықтар
0