Газ тұтынушылары 20 проценттік жеңілдік алады

© Photo : 24.kzГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Газға жеңілдік "әлеуметтік әмиян" арқылы беріледі
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов тұрмыстық газ бойынша берілетін жеңілдіктің көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Газға жеңілдік "әлеуметтік әмиян" арқылы беріледі. Оны тек әлеуметтік осал топтар алады.
"Тауарлық газ бойынша әлеуметтік осал топтарға шамамен 20 проценттік жеңілдік беріледі деген жоспар бар. 50 проценттік жеңілдік қарастырылмаған", - деді Жаркешов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін премьер-министрдің орынбсары Қанат Бозымбаев коммуналдық тарифтерді төлеу жағынан кімдерге жеңілдік жасалатынын айтқан болатын.
Газ плитасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Ақтауда тұрғын үйде газ жарылып, бес адам зардап шекті
Жаңалықтар
0