Финляндия президенті Қазақстаннан алған кәдесый үйінің төрінде тұрғанын айтты

© Photo : АкордаПереговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде
Переговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстаннан алған кәдесый жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президентін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Сол кезде Стубб сыртқы істер министрі ретінде Қазақстанға жасаған сапарын еске алды.
"Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (сыртқы істер министрі ретінде - ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған "Астана" велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр", - деді Стубб.
Осы жолы Стубб мырза өз елінің президенті болып келді.
"Делегация құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады", - деп атап көрсетті Финляндия басшысы.
Официальный визит президента Финляндии Александра Стубба в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Финляндия президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында қандай құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтар
0