https://sputnik.kz/20251028/biyl-10-zhol-uchaskesinde-aqyly-zhol-engizildi-58240631.html
Биыл 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді
Биыл 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде ақылы күре жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды 28.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-28T08:06+0500
2025-10-28T08:06+0500
2025-10-28T08:11+0500
үкімет
жол
құрылыс
https://sputnik.kz/img/879/04/8790456_0:309:5872:3611_1920x0_80_0_0_531fc5eba45bc969b43de2fb400402e5.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Биыл бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді, деп хабарлады үкімет.2025 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен барлық санаттағы 13 мың шақырымға жуық автожолдар қамтылды, оның ішінде:Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – құрылыс және реконструкциялау (847 шақырым), күрделі және орташа жөндеу (2,2 мың шақырым) және жергілікті маңызы бар жолдарды (3,1 мың шақырым) жөндеу жұмыстары.
https://sputnik.kz/20250806/aqyly-zhol-ushin-61-myn-tenge--qazavtozhol-zhelide-taragan-videony-tusindirdi-56206163.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/879/04/8790456_323:0:5548:3919_1920x0_80_0_0_b353e10e155f9d6667f06116ab6ae0f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жол, құрылыс
Биыл 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді
08:06 28.10.2025 (жаңартылды: 08:11 28.10.2025) Нәтижесінде ақылы күре жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Биыл бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді, деп хабарлады үкімет.
2025 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен барлық санаттағы 13 мың шақырымға жуық автожолдар қамтылды, оның ішінде:
2,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау;
6,6 мың шақырым республикалық желіні күрделі және орташа жөндеу;
4,1 мың шақырым жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары бар.
"Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді. Нәтижесінде ақылы күре жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.
Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – құрылыс және реконструкциялау (847 шақырым), күрделі және орташа жөндеу (2,2 мың шақырым) және жергілікті маңызы бар жолдарды (3,1 мың шақырым) жөндеу жұмыстары.