Алматыда қайтыс болған әйел алты адамның өмірін құтқарды

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды
Алматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жақсы күйде екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін мәлімдеді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Алматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
1962 жыы туған науқас Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында көз жұмған. Донордан мультиағзалық органдар алу жүргізілді, дейді министрліктегілер.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды
Мультиорганный забор органов от посмертного донора на базе Центральной  городской  клинической  больницы Алматы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Алматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды
Донор туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік туды:
жүрек – 1988 жылы туған пациентке;
бауыр – 1982 жылы туған пациентке;
оң бүйрек – 1996 жылы туған пациентке;
сол жақ бүйрек – 2017 жылдың қазан айынан бастап трансплантаттауды күткен 1966 жылы туған пациентке;
мөлдір қабық – 1983 және 1956 жылы туған пациенттерге трансплантталды.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды
Мультиорганный забор органов от посмертного донора на базе Центральной  городской  клинической  больницы Алматы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Алматыда қайтыс болған адам алты адамға донор болды

"Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жақсы күйде екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін мәлімдеді. Бұл өмірді сақтап қалуға келгенде жастың кедергі емес екенін тағы бір рет растайды", - дейді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Республикалық орталық донордың отбасына олардың батыл шешімі үшін, сондай-ақ үйлесімді жұмысы аса күрделі процесті жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік берген медицина мамандарына зор ризашылығын білдіреді, деп жазды министрліктегілер.
Астанада тағы бір қан тапсыру орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Күніне 150 донор қажет: Астанада тағы бір қан тапсыру орталығы ашылды
Жаңалықтар
0