Панфиловшы жауынгердің жеке заттары Павлодар облысында туыстарына тапсырылды

© SputnikПанфиловшы жауынгердің заттары туыстарына тапсырды
Панфиловшы жауынгердің заттары туыстарына тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Жазылу
Ол аты аңызға айналған 314-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасты
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодардың Абай ауданындағы жедел-іздестіру топтары Ұлы Отан соғысының батыры Александр Ряшиннің отбасына жеке заттарын тапсырды.
"Майдан жолы" іздестіру тобы Қызыл Армия жауынгерінің немересі Людмила Константиновна Ряшинамен кездесті.
Александр Кузьмичтің Павлодар облысы Бесқарағай ауданынан әскерге шақырылған. Ол 314-атқыштар дивизиясының құрамында артиллерист болып, соғыста ерлік пен қайсарлық көрсеткен.
"Мұрағаттық деректерге сәйкес, ол 1943 жылы 22 қаңтарда Ленинград түбіндегі шайқаста қаза тапты. Оның бастапқы жерленген жері Ленинград облысы, Мгинский ауданы, Охрана ауласы деп көрсетілген", - деп хабарлады іздеу тобы.
2024 жылдың күзінде Челябинскіден келген ресейлік "Опора" іздестіру тобы Ленинград облысының Синявино биіктіктерінен үш кеңес жауынгерінің қалдықтарын тапты. Қалдықтардың арасында Мәскеу зертханасында солдаттың кім екенін анықтау үшін пайдаланылған солдат медальоны болған.

"Ол біздің жерлесіміз Александр Кузьмич Ряшин болып шықты. 2025 жылдың көктемінде батырдың сүйегі толық әскери құрметпен Синявинск биіктеріндегі бейітке жерленді. Қайтыс болғанына 80 жылдан астам уақыт өткен жауынгердің елге оралуы символикалық мәнге ие", - деді іздеу тобы.

Дәл осы "Опора", "Майдан жолы" және "Ерлік даңқ" жасақтарынан құралған ресейлік және қазақстандық іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысының арқасында сарбаздың тағдырын жаңғыртып, олардың отбасына естелік сыйлауға мүмкіндік туды, деп атап өтті павлодарлықтар.
Аайта кетері, аты аңызға айналған 314-атқыштар дивизиясы 1941 жылы шілдеде Петропавлда Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Көкшетау (қазіргі Ақмола) облыстарының тұрғындарынан құрыла бастады. Олардың арасында түрлі ұлттан шыққан көптеген еріктілер болды.
Ұлы Отан соғысында із-түссіз жоғалған жауынгерлердің сүйегі туыстарына табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Ұлы Отан соғысында із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің сүйегі туыстарына табысталды
Жаңалықтар
0