https://sputnik.kz/20251027/metrodadagy-qaygyly-zhagday-ustaz-ben-oqushyga-aqyldy-kozildirik-oylap-tabuga-turtki-boldy-58232396.html
Метродадағы қайғылы жағдай ұстаз бен оқушыға ақылды көзілдірік ойлап табуға түрткі болды
Метродадағы қайғылы жағдай ұстаз бен оқушыға ақылды көзілдірік ойлап табуға түрткі болды
Sputnik Қазақстан
Жоба зағип жандарды кедергілерден сақтандыруға арналған 27.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-27T16:04+0500
2025-10-27T16:04+0500
2025-10-27T20:59+0500
астана
оқушы
ұстаз
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1b/58232600_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_c567bdb0ccab693450452720a57471d7.jpg
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Астанадағы №49 мектеп-гимназиясының мұғалімі Бекарыс Өстен мен сол мектептің оқушысы Әмірхан Қуандық зағип жандарға арналған көзілдірік ойлап тапты. Жобаны ойлап табуға не түрткі болды, құндылығы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі ұстаз бен оқушының өзінен сұрап білді.Информатика пәнінің мұғалімі Бекарыс Өстеннің мұғалімдік тәжірибесіне небәрі 8 ай болған. 24 жастағы маман оқушысымен бірге тың туынды ойлап тапты. Шәкірті Әмірхан Қуандық екеуі зағип жандарға арналған көзілдірік жасап шығарған. Бұған Алматының метросында қайтыс болған зағип жанның оқиғасы себеп болған."Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!"Көзілдірікке арнайы ультрадыбыстық датчик пен дыбыстық модуль орнатылған. Егер зағип адамның алдында 1 метр қашықтықта кедергі болса, жүйе оны бірден анықтап, "Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!" деп қазақ тілінде ескерту береді.Жобаның жұмыс істеу алгоритмі өте қарапайым, бірақ тиімді. Ультрадыбыс датчигі кедергіні анықтайды, микроконтроллер сигналды өңдейді, дыбыстық модуль алдын ала жазылған ескерту сөзін шығарады.Барлығы автоматты түрде, адам қатысуынсыз орындалады.Мақсатымыз – зағип жандардың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік жасау, дейді жоба жетекшісі Бекарыс Өстен. Алайда қазірге демеушілерден хабар болмаған, отандық компаниялардан ұсыныс түссе, қолданысқа енгізгіміз келеді дейді ол."Көзілдірікті әлі де жетілдіреміз. Бағыт-бағдар беретін GPS, жолдардың түсін, бағдаршамды ажырататын камера қойсақ па дейміз, сондай-ақ зағип жандар көшеде демалып отырғанда ән-күй тыңдайтын жағдай жасасақ дейміз", - дейді жоба жетекшісі Бекарыс Өстен.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1b/58232600_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_4a850e0b28413a1d34855766d4947dac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
астана, оқушы, ұстаз, жаңа технологиялар
астана, оқушы, ұстаз, жаңа технологиялар
Метродадағы қайғылы жағдай ұстаз бен оқушыға ақылды көзілдірік ойлап табуға түрткі болды
16:04 27.10.2025 (жаңартылды: 20:59 27.10.2025) Жоба зағип жандарды кедергілерден сақтандыруға арналған
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Астанадағы №49 мектеп-гимназиясының мұғалімі Бекарыс Өстен мен сол мектептің оқушысы Әмірхан Қуандық зағип жандарға арналған көзілдірік ойлап тапты. Жобаны ойлап табуға не түрткі болды, құндылығы қандай?
Sputnik Қазақстан тілшісі ұстаз бен оқушының өзінен сұрап білді.
Информатика пәнінің мұғалімі Бекарыс Өстеннің мұғалімдік тәжірибесіне небәрі 8 ай болған. 24 жастағы маман оқушысымен бірге тың туынды ойлап тапты. Шәкірті Әмірхан Қуандық екеуі зағип жандарға арналған көзілдірік жасап шығарған. Бұған Алматының метросында қайтыс болған зағип жанның оқиғасы себеп болған.
"Жобаны ағайым Бекарыс Батырханұлы екеуміз ойлап таптық. 1 жыл бұрын Алматы қаласында бір зағип адам метроға мінемін деп, теміржолға түсіп, көз жұмды. Осы оқиға бізге жобаны жасауға түрткі болды. Осындай жағдай қайталанбас үшін осы көзілдірікті ойлап таптық. Жоба зағип жандарды кедергілерден сақтандыруға арналған", - дейді Әмірхан Қуандық.
"Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!"
Көзілдірікке арнайы ультрадыбыстық датчик пен дыбыстық модуль орнатылған. Егер зағип адамның алдында 1 метр қашықтықта кедергі болса, жүйе оны бірден анықтап, "Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!" деп қазақ тілінде ескерту береді.
Жобаның жұмыс істеу алгоритмі өте қарапайым, бірақ тиімді. Ультрадыбыс датчигі кедергіні анықтайды, микроконтроллер сигналды өңдейді, дыбыстық модуль алдын ала жазылған ескерту сөзін шығарады.
Барлығы автоматты түрде, адам қатысуынсыз орындалады.
"Мұндай құрылғының ерекшелігі – қолдануға ыңғайлы, арзан және қазақ тілінде сөйлейтіндігі. Прототипті жасау үшін шамамен 15 мың теңге керек болды, болашақта көп шығаратын болсақ, бір экземпляр үшін бағасы өсуі мүмкін", - дейді Әмірхан.
Мақсатымыз – зағип жандардың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік жасау, дейді жоба жетекшісі Бекарыс Өстен. Алайда қазірге демеушілерден хабар болмаған, отандық компаниялардан ұсыныс түссе, қолданысқа енгізгіміз келеді дейді ол.
"Көзілдірікті әлі де жетілдіреміз. Бағыт-бағдар беретін GPS, жолдардың түсін, бағдаршамды ажырататын камера қойсақ па дейміз, сондай-ақ зағип жандар көшеде демалып отырғанда ән-күй тыңдайтын жағдай жасасақ дейміз", - дейді жоба жетекшісі Бекарыс Өстен.