Тоқаев саммитке қатысуға шақырғаны үшін Трампқа ризашылығын білдірді

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2025
Жазылу
Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммит Вашингтонда өтеді
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.
Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.
Токаев принял участие в церемонии поднятия государственного флага - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2025
Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Жаңалықтар
0