Елімізде 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиЗаготовка сена
Заготовка сена  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 25 млн тоннасы – шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы – пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы – құрама жем (71,7%), 2 млн тоннасы – сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы – сабан (101,7%).
Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау және Жетісу өңірлері ең жоғары нәтиже көрсеткен.
Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын қолайлы өткізуге және мал шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін қажетті қор жасауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0