https://sputnik.kz/20251026/almatyda-sogys-ardageri-101-zhasqa-toldy-58205722.html
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов қос мерекені атап өтті 26.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-26T10:31+0500
2025-10-26T10:31+0500
2025-10-26T10:31+0500
жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58204116_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_87370befc6f9b0a76bd5f5ce809607f0.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Республика күнінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов 101 жасқа толды.Қарияны қос мерекемен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және "Қарулы күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Төлеген Мұстафин құттықтап барды.Қамбар Сәрсеновке Қорғаныс министрінің атынан Отан алдындағы еңбегі үшін алғыс білдірген құттықтау хаты табысталды.Ол 1924 жылғы 25 қазанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, оқу-жаттығудан кейін майданға аттанған. Қамбар Сәрсенов Беларусь, Латвия және Литва жерлерінде шайқасып, Кенигсбергті алу операциясына қатысқан, үш рет жараланған.Майдангер I, II дәрежелі Отан соғысы, II, III дәрежелі Даңқ және "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, сондай-ақ көптеген медальдармен марапатталған. Ардагер Витебск Қызыл Ту орденді, Суворов орденді 51-атқыштар дивизиясының 30-жеке барлау ротасында қызмет етіп, "қарсыласты" ұстап алғаны үшін екі орденмен наградталған.Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ішкі істер органдарында қызмет атқарып, кейін Алматының энергетика саласында ұзақ жыл еңбек еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58204116_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6f5a0a3e7a38af9955eb6e43f761c2dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы ардагері
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов қос мерекені атап өтті
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Республика күнінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов 101 жасқа толды.
Қарияны қос мерекемен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және "Қарулы күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Төлеген Мұстафин құттықтап барды.
Қамбар Сәрсеновке Қорғаныс министрінің атынан Отан алдындағы еңбегі үшін алғыс білдірген құттықтау хаты табысталды.
Ол 1924 жылғы 25 қазанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, оқу-жаттығудан кейін майданға аттанған. Қамбар Сәрсенов Беларусь, Латвия және Литва жерлерінде шайқасып, Кенигсбергті алу операциясына қатысқан, үш рет жараланған.
Майдангер I, II дәрежелі Отан соғысы, II, III дәрежелі Даңқ және "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, сондай-ақ көптеген медальдармен марапатталған. Ардагер Витебск Қызыл Ту орденді, Суворов орденді 51-атқыштар дивизиясының 30-жеке барлау ротасында қызмет етіп, "қарсыласты" ұстап алғаны үшін екі орденмен наградталған.
Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ішкі істер органдарында қызмет атқарып, кейін Алматының энергетика саласында ұзақ жыл еңбек еткен.