https://sputnik.kz/20251025/qazaqstan-sportshysy-el-qorzhynyna-tarikhi-medal-saldy-58202496.html
Қазақстан спортшысы ел қоржынына тарихи медаль салды
Қазақстан спортшысы ел қоржынына тарихи медаль салды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жылдан кейін медаль алды 25.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-25T19:13+0500
2025-10-25T19:13+0500
2025-10-25T19:13+0500
медаль
қола жүлдегер
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58202579_0:49:930:572_1920x0_80_0_0_cfade60a9a7dc4ff9114e301c264f2ba.png
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.Айта кетейік, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.Еске сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекті тарихи жеңісімен құттықтаған болатын. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленді.
https://sputnik.kz/20251025/bul--tarikhi-zhenis-prezident-shugyla-omirbekti-alem-chempionatyndagy-zhenisimen-quttyqtady-58193534.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58202579_52:0:879:620_1920x0_80_0_0_26530a3b850b33ba4993f6878a8decc5.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медаль, қола жүлдегер
Қазақстан спортшысы ел қоржынына тарихи медаль салды
Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жылдан кейін медаль алды
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
"Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.
Еске сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекті тарихи жеңісімен құттықтаған болатын. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленді.