https://sputnik.kz/20251025/elordadagy-marafonda-82-zhastagy-qariya-kopshilikti-tangaldyrdy-58201881.html
Елордадағы марафонда 82 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды
Елордадағы марафонда 82 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды
Sputnik Қазақстан
Ол 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті 25.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-25T20:45+0500
2025-10-25T20:45+0500
2025-10-25T20:45+0500
спорт
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58201716_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_55f4e569b64d179a4284b1948786a541.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Республика күніне орай елорданың "Алматы" ауданындағы Триатлон саябағында жүгіруден жазғы маусымның жабылуы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгінгі бұқаралық іс-шараның ерекшелігі 82 жастағы Амангелді Досжановтың қатысуы болды. Ол көпшіліктен қалмай, 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.Ол 2024 жылы Run for Autism қайырымдылық жарысына да қатысқан.Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай Республика күніне арналған жүгіріске 1 500 адам қатысқанын атап өтті. Айтуынша қала тұрғындары осындай бұқаралық жүгіріске үйреніп қалған.Бұқаралық жүгіріске қатысу толықтай тегін болды. Іс-шара соңында қатысушылар арасында велосипедтер ойнатылып, естелік медальдар табысталды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58201716_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_5afa1062bca1c6edf2db95411a6ba8c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Елордадағы марафонда 82 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды
Ол 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Республика күніне орай елорданың "Алматы" ауданындағы Триатлон саябағында жүгіруден жазғы маусымның жабылуы өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі бұқаралық іс-шараның ерекшелігі 82 жастағы Амангелді Досжановтың қатысуы болды. Ол көпшіліктен қалмай, 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.
"Жүгіруді 79 жасымда бастадым. Егер бастысы ниет болса, ешнәрсеге кеш емес. Қазіргі сәтте аптасына тұрақты түрде 3 мәрте 5-10 шақырым жүгіремін. Әдетте мен үйімнің қасындағы Күйшілер аллеясы мен Жерұйық саябағын таңдаймын. Себебі ол жерде жүгіруге жағдай жасалған. Көпшілігіміз жапондардың ұзақ өмір сүретініне таңғалып жатамыз ғой. Бірақ қазақтар да салауатты өмір салтын ұстанудан кенде емес", - дейді Амангелді Досжанов.
Ол 2024 жылы Run for Autism қайырымдылық жарысына да қатысқан.
Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай Республика күніне арналған жүгіріске 1 500 адам қатысқанын атап өтті. Айтуынша қала тұрғындары осындай бұқаралық жүгіріске үйреніп қалған.
"Триатлон немесе Ботаникалық бақ қана емес, өзге жерлерде де жүгіруге мүмкіндік бар. Бүгін жазғы маусымымыз аяқталса да, қыс мезгілінде жүгірістер жалғаса береді. Осы сәтті пайдалана отырып, 26 қазан күні дәл осы Триатлон саябағында отбасылық дуатлонға қатысуға шақырамын", - деді ол.
Бұқаралық жүгіріске қатысу толықтай тегін болды. Іс-шара соңында қатысушылар арасында велосипедтер ойнатылып, естелік медальдар табысталды.