https://sputnik.kz/20251025/astanada-ustel-tennisinen-qazaqstan-prezidentinin-kubogyna-arnalgan-turnir-bastaldy-58198343.html
Астанада үстел теннисінен Қазақстан президентінің кубогына арналған турнир басталды
Астанада үстел теннисінен Қазақстан президентінің кубогына арналған турнир басталды
Sputnik Қазақстан
Ойыншылар арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар 25.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-25T15:08+0500
2025-10-25T15:08+0500
2025-10-25T15:08+0500
турнир
теннис
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58197654_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_52b5e2adec6b802fd82d5e5dfa4dfea8.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.Үкімет хабарлауынша, Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.Қазақстан президентінің ашық кубогы 25-29 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстанды қосқанда 14 елден келген 300-ден астам спортшы қатысып отыр. Ойыншылар арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Әлемдік ITTF рейтингінің топ-100 құрамына кіретін спортшылардың қатысуы бұл турнирдің халықаралық ауқымын көрсетеді.Турнир төрт жас санатында, жеке және командалық есепте өтіп жатыр: U-11 – 2014 жылы туғандар және одан кіші, U-16 – 2009 жылы туғандар және одан кіші, Open 17+ – 2008 жылы туғандар және одан жоғары, team event – командалық сайыс.Кубоктың басты оқиғаларының бірі үстел теннисінің әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу-матч болады. Турнирді тамашалау үшін кіру тегін.
https://sputnik.kz/20251021/chempiondar-ligasy-almatyda-qayrat-pen-pafos-arasyndagy-oyyn-bastaldy-58102889.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58197654_134:0:1147:760_1920x0_80_0_0_c653e778bef23c22a53e136a72f8ff25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
турнир, теннис, президент
турнир, теннис, президент
Астанада үстел теннисінен Қазақстан президентінің кубогына арналған турнир басталды
Ойыншылар арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.
Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.
"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Үстел теннисі бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыруға және саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосады", — деді Олжас Бектенов.
Үкімет хабарлауынша, Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.
Қазақстан президентінің ашық кубогы 25-29 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстанды қосқанда 14 елден келген 300-ден астам спортшы қатысып отыр. Ойыншылар арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Әлемдік ITTF рейтингінің топ-100 құрамына кіретін спортшылардың қатысуы бұл турнирдің халықаралық ауқымын көрсетеді.
Турнир төрт жас санатында, жеке және командалық есепте өтіп жатыр: U-11 – 2014 жылы туғандар және одан кіші, U-16 – 2009 жылы туғандар және одан кіші, Open 17+ – 2008 жылы туғандар және одан жоғары, team event – командалық сайыс.
Кубоктың басты оқиғаларының бірі үстел теннисінің әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу-матч болады. Турнирді тамашалау үшін кіру тегін.