https://sputnik.kz/20251024/qostanay-oblysynda-akimdik-investordan-146-mln-tengege-zhuyq-qarazhatty-zansyz-algan-58185331.html
Қостанай облысында әкімдік инвестордан 146 млн теңгеге жуық қаражатты заңсыз алған
Қостанай облысында әкімдік инвестордан 146 млн теңгеге жуық қаражатты заңсыз алған
Sputnik Қазақстан
2021 жылы аудан әкімдігі кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану үшін 1024 га жер учаскесін бөлген 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T17:09+0500
2025-10-24T17:09+0500
2025-10-24T17:10+0500
бас прокуратура
қостанай облысы
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15513219_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_ac844eb3eaa8c8f611a736686c6eefd2.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы инвестор "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.2021 жылы аудан әкімдігі кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану үшін 1024 га жер учаскесін бөліп, ауыл шаруашылығы шығындары ретінде 145,5 млн теңгені төлеу міндеттелген болатын.Кейінірек жергілікті атқарушы органдардың актілері сот арқылы заңсыз деп танылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 145,5 млн теңге көлеміндегі қаражат инвесторға толық көлемде қайтарылып, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20251020/shymkentte-nauqastardy-dalizge-zhatqyzgan-akimdik-ne-zhagday-bolganyn-tusindirdi-58038673.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15513219_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_8440deedbc53a8e5ce8ef4992173f105.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қостанай облысы, инвестиция
бас прокуратура, қостанай облысы, инвестиция
Қостанай облысында әкімдік инвестордан 146 млн теңгеге жуық қаражатты заңсыз алған
17:09 24.10.2025 (жаңартылды: 17:10 24.10.2025) 2021 жылы аудан әкімдігі кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану үшін 1024 га жер учаскесін бөлген
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы инвестор "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады
бас прокуратура.
2021 жылы аудан әкімдігі кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану үшін 1024 га жер учаскесін бөліп, ауыл шаруашылығы шығындары ретінде 145,5 млн теңгені төлеу міндеттелген болатын.
Кейінірек жергілікті атқарушы органдардың актілері сот арқылы заңсыз деп танылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
"Соған қарамастан, төленген қаражат кәсіпкерлік субъектісіне уақытылы қайтарылмаған. Керісінше, 2025 жылы жер қойнауын пайдалану үшін жер қайта берілген кезде, кәсіпорын сол мөлшердегі қаражатты тағы да төлеуге мәжбүр болды", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 145,5 млн теңге көлеміндегі қаражат инвесторға толық көлемде қайтарылып, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.