https://sputnik.kz/20251024/qazaqstandyqtar-khalyqaralyq-fotobayqauga-qatysa-alady-58172978.html
Қазақстандықтар халықаралық фотобайқауға қатыса алады
Қазақстандықтар халықаралық фотобайқауға қатыса алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. "Открытие" халықаралық фотобайқауы өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T11:26+0500
2025-10-24T11:26+0500
2025-10-24T11:26+0500
фотограф
халықаралық байқау
https://sputnik.kz/img/176/59/1765948_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_acae5ae33d657a5d3095c504c4997575.jpg
АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. "Открытие" халықаралық фотобайқауы өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Фотобайқау халықтық дипломатия институтының 100 жылдығына орайластырылған. Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.Өтінім 2025 жылдың 13 қазанынан 30 қарашасына дейін екі номинация бойынша қабылданады. Біріншісі - Мәдени және тарихи мұра. Бұл санатқа материалдық және материалдық емес нысандар, қасиетті орындар кіреді.Номинация аймақтың ерекшелігін айқындайтын, тарих пен аңызға, өткен мен қазіргі оқиғаларға негізделген көз таныс және аз танылған нысандардың бірегейлігін көрсетуге бағытталған.Екінші номинация – ғажайып табиғат, бұл аз белгілі ландшафттар, табиғи нысандар, флора мен фауна.Фотожұмыстар 2023 және 2025 жылдар аралығында түсіріліп, Қазақстанға немесе Ресейге арналған болуы керек. Жеңімпаздар сыйлық ретінде фотосуреттерін "Лестница" суретшілерінің онлайн галереясында, сондай-ақ:Үздіктер сонымен қатар Түменге "Түмен фотосурет үйі"" фотосуретшілерімен кездесулерге шақырылады. Олар сондай-ақ Мордовия Республикасындағы "Смольный" ұлттық саябағында бес күн бойы жүріп-тұра алады. Іс-шара 2026 жылдың 15 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін өтеді.Фотобайқау ережелерімен мына жерден танысуға болады. Қатысушылар осы жерде тіркеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/176/59/1765948_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_cd065e3e25faf8ef107908fccd2e611e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фотограф, халықаралық байқау
фотограф, халықаралық байқау
Қазақстандықтар халықаралық фотобайқауға қатыса алады
АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. "Открытие" халықаралық фотобайқауы өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Фотобайқау халықтық дипломатия институтының 100 жылдығына орайластырылған. Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
"Жаңалық әрқашан болған және бола береді. Егер басқа қырынан қарасаңыз, ол тіпті қарапайым заттарда да бар. Әрбір фотосуретте көрермендерді баурап алатын жаңалық бар", - деп атап өтті Алматыдағы Орыс үйі.
Өтінім 2025 жылдың 13 қазанынан 30 қарашасына дейін екі номинация бойынша қабылданады. Біріншісі - Мәдени және тарихи мұра. Бұл санатқа материалдық және материалдық емес нысандар, қасиетті орындар кіреді.
Номинация аймақтың ерекшелігін айқындайтын, тарих пен аңызға, өткен мен қазіргі оқиғаларға негізделген көз таныс және аз танылған нысандардың бірегейлігін көрсетуге бағытталған.
Екінші номинация – ғажайып табиғат, бұл аз белгілі ландшафттар, табиғи нысандар, флора мен фауна.
"Номинация саяхатшылардың қызығушылығын тудыратын Ресей мен Қазақстан табиғатының әртүрлілігі мен сұлулығын, құпиясы мен жұмбағын ашуға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Фотожұмыстар 2023 және 2025 жылдар аралығында түсіріліп, Қазақстанға немесе Ресейге арналған болуы керек. Жеңімпаздар сыйлық ретінде фотосуреттерін "Лестница" суретшілерінің онлайн галереясында, сондай-ақ:
"Ветер Странствий" журналында;
TRAVEL MAGAZINE онлайн журналында жариялай алады.
Үздіктер сонымен қатар Түменге "Түмен фотосурет үйі"" фотосуретшілерімен кездесулерге шақырылады. Олар сондай-ақ Мордовия Республикасындағы "Смольный" ұлттық саябағында бес күн бойы жүріп-тұра алады. Іс-шара 2026 жылдың 15 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін өтеді.
Фотобайқау ережелерімен
мына жерден танысуға болады. Қатысушылар
осы жерде тіркеледі.