ЕАЭО елдері халықаралық автокөлік тасымалы мәселесін талқылады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуФуры на дороге
Фуры на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Болашақта инфрақұрылымдық жобалардың пулын құру жоспарланып отыр
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. ЕЭК Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында көлік саясаты және ЕАЭО-дағы халықаралық автокөлік тасымалының жағдайы талқыланды.
Отырысқа ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының, қоғамдық ұйымдардың, салалық одақтардың өкілдері және сарапшылар қауымдастығы қатысты.
Іс-шараға ЕАЭО бақылаушы мемлекеттері – Иран Ислам Республикасының және Куба Республикасының өкілдері де қатысты.
Қатысушылар халықаралық автокөлік жүк тасымалымен айналысатын Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы жүргізушілерінің Ресей Федерациясында уақытша болу мерзімінің қысқартылуына байланысты қазіргі жағдайды талқылады.
Отырыста қазіргі уақытта жағдайды шешу үшін жедел шаралар қабылданып жатқаны аталып өтті.
Іс-шарада сондай-ақ нысаналы индикаторлардың (көрсеткіштердің) жобалары, Еуразиялық көлік дәліздерінің (маршруттарының) паспорттары және оларға қойылатын ең төменгі талаптар келісілді. Бұл құжаттар Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің келесі отырысында қаралады.
Болашақта үшінші елдердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін инфрақұрылымдық жобалар пулын құру жоспарлануда. Мұндай пулды қалыптастыру алгоритмі одан әрі жетілдіріледі.
Жаңалықтар
0