https://sputnik.kz/20251024/dropperlerge-qatysty-zan-boyynsha-algashqy-adam-qylmystyq-zhauapkershilikke-tartyldy-58160148.html
Дропперлерге қатысты заң бойынша алғашқы адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Дропперлерге қатысты заң бойынша алғашқы адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Sputnik Қазақстан
16 қыркүйектен бастап дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T08:00+0500
2025-10-24T08:00+0500
2025-10-24T08:00+0500
қазақстан
заң
қылмыс
қылмыстық топ
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Алматыда тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға берген жеке кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Ведомствоның мәліметінше тергеу барысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адам осы деректер арқылы ақша аударғаны анықталған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде әйел ұсталды.Полиция азаматтарға банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға беруге болмайтынын тағы ескертті. Шот иесі пайда көрмесе де қылмысқа қатысы бар адам ретінде қарастырылуы мүмкін.Еске сала кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы негізінде "дропперлер" үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жаңа норма алаяқтарға ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе басқа шоттарға аударуға көмектесетін қаржылық делдалдармен күресуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20250904/tarazda-dropper-student-2-mln-tengeden-astam-qarzhyny-qaytaruga-mindetteldi-56817589.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, заң, қылмыс, қылмыстық топ, қылмыстық іс
қазақстан, заң, қылмыс, қылмыстық топ, қылмыстық іс
Дропперлерге қатысты заң бойынша алғашқы адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
16 қыркүйектен бастап дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Алматыда тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға берген жеке кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше тергеу барысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адам осы деректер арқылы ақша аударғаны анықталған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде әйел ұсталды.
"Қазақстанда заңсыз транзакциялар үшін банктік деректемелерін берген жеке адам алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалған қаржылық алаяқтық тізбегін тиімдірек тоқтатуға мүмкіндік береді", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.
Полиция азаматтарға банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға беруге болмайтынын тағы ескертті. Шот иесі пайда көрмесе де қылмысқа қатысы бар адам ретінде қарастырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы негізінде "дропперлер" үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жаңа норма алаяқтарға ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе басқа шоттарға аударуға көмектесетін қаржылық делдалдармен күресуге бағытталған.