Ақтауда пәтерге терезе арқылы кірген ер адамға сот үкім шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Ол өз кінәсін толық мойындады
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалына сәйкес, 2025 жылдың 13 қазан күні мас ер адам Ақтаудың 8-шағын ауданындағы пәтерлердің біріне терезе арқылы кіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
"Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да дәлелдемелермен расталды", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сотта айыпталушының заңға қарсы әрекеті жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды, ал жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталмады.
Сот қаулысымен айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Астанада пәтерге терезеден кірген ұры ұсталды
Жаңалықтар
0